14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша 2014-2015 оқу жылында істелінген жұмыстарына жылдық қорытынды талдау


-2015 оқу жылының сәуір айының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған үздіксіз білім берудегі орта буын мен бастауыш сыныптар арасындағы сабақтастық қортындысы



бет5/18
Дата10.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#11223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2014-2015 оқу жылының сәуір айының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған үздіксіз білім берудегі орта буын мен бастауыш сыныптар арасындағы сабақтастық қортындысы.
Мақсаты: Үздіксіз білім алудағы сабақтастық бойынша 4-ші сынып оқушыларының орта буынға сәтті өтуін қамтамасыз ету.

Бастауыш сыныпта бір мұғалімге (негізгі пәндерден) үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа бірден үйрене алмай, оқу үлгерімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.

Сабақтастық оқушының ерекше алған білімін, дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерінің, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен орналастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.

Сондықтан мектепте оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде – ақ сабақтастықтың мәселесі қаралып, төртінші сыныптың оқу-тәрбие жұмысына қатысу, оған басшылық ету жайлы жоспарланды. Сабақтастық - бұл адам ісі - әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі адам жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік заңдылығының бірі болып табылады. Ұйымдастыру формасына қарай өткендегіге талдау жасай отырып, осы кездегі немесе болашақтағы жоспар тиімділігін арттырудың бір ізділігі мақсатқа алынады. Білім беру және тәрбиелеу процесінде сабақтастықтың қажеттілігі зор. Педагогикада сабақтастықтың идеясы қалыптасқанға дейін жалпы еңбек іс-әрекетінде біріңғай талаптарды сақтау және әдіс –тәсілдерді тізбектей меңгеру қарастырылған. Сабақтастық педагогика категорияларын оқыту,тәрбиелеу, дамытудың жалпы дидактикалық функциясын орындайды.

Сабақтастықтың орындалу көрсеткіші - ол үздіксіз білім беруде адамның келесі білім баспалдағында дайындығының сандық сипаттамасы. Ол арнайы әдіс арқылы оқушының жауабы көрсеткіші және бақылау жұмысының диагностикасы арқылы есептеледі. Жалпы сабақтастық ол үздіксіз білім берудегі педагогикалық үрдісте қолайлы жағдай тудыру үшін қажет. Даму –өзгеріс, ол - қарапайымнан күрделірекке, төменнен жоғарыға қарай ауысу; біртіндеп жинақталған сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу процесі.

01.04-30.04.2015ж. аралығында 4а,ә,б,в,г сыныптар мен орта буын арасындағы сабақтастық бойынша арнайы жоспар құрылып, жауапты тұлғаларға арналған №158-ө бұйрық шығарылып, сол бұйрыққа сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Сабақтастық қортындысы бойынша мамыр айының 4-і күні педагогикалық-психологиялық консилиум өтті.Педагогикалық консилиум барысында әрбір жауапты бастауыш сынып мұғалімі өз оқушыларына мінездеме берді.Орта буын мұғалімдері тексеру барысында байқаған оқушылардың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып, болашақта нені басшылыққа алу керектігі туралы өз ойларын ортаға салды. Осындай сапалы жүргізілген жұмысты қортындылай отырып, жақсы деген баға берілді.
Дайындаған Г.Алмашева.
3. Тоқсандық білім сапалары І – ІV тоқсан

Әрбір сынып жетекшісі 1 – ІV тоқсан қорытындысы бойынша білім деңгейін анықтап, сапасы мен үлгерімі жайлы және тоқсан соңында қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен алынған бақылау жұмыстарының тоқсан қорытындысын шығарып отырды. Жоспарланған оқу материалдарын,оқу бағдарламаға сәйкестендірді.

Барлық сыныптар жоспар бойынша құрылған бағдарламалық материалды толық өткізді.Бағдарламаға сәйкес жоспарланған шығарма, диктант, мазмұндама, бақылау жұмыстары жоспар бойынша толық жүргізілген.

Оқушылардың І-ІІ тоқсан қорытындысы бойынша әр пәннен білім деңгейі шығарылып, мониторинг сызылды.




Сынып

Оқушы

саны

1тоқсан соңы

Білім

сапасы

Үлг

Оқушы

саны

ІV тоқсан

соңы

Б.сапасы




1-4

барл.

609

67%

100%

611

74 %





2. Пән апталықтары туралы.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының үлкен бір саласы пән апталықтарын өткізу. Пән апталығында әрбір мұғалім, өз іс-тәжірибесін сабақта қолданып жүрген

1. 2 – 3 сынып апталыМектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес 03.12.14- 12.12.14 оқу жылында «2-3 сыныптар аралығында әдістемелік онкүндігін өткізу» туралы бұйрығына сәйкес онкүндік өткізілді. Онкүндік жоспарында:



  • 9 ашық сабақ

  • 5 сыныптан тыс іс- шара өткізілді.

Пәндер бойынша әдебиеттік оқу пәнінен – 3-еу, математика пәнінен- 2-еу, қазақ тілі пәнінен- 1-еу, дүниетану пәнінен-1 сабақ өткізілді .Жүргізілген сабақтар «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбына сәйкес бағытталып өткізілді.

Мақсаты: «Сабақта қазіргі білім талаптарына сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының білім-білік дағдыларын арттыру, мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасу »



Әр сабаққа қысқаша тоқталып өтсек: Джилкибаева Г.Х. пәні дүниетану, тақырыбы: «Су.Судың маңызы», сыныбы 2ә. Сабаққа қысқаша талдау: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындырды. Топтық жұмыс арқылы оқушыларға су тақырыбына берілген негізгі ойды түсінуде қызығушылықтарын арттырды. Оқытудың жаңа әдістері АКТ,СТО қолдана отырып, «Диалогтық оқыту» әдіс- тәсілдері арқылы оқушылардың сөздік қорымен жұмыс жүргізді. Көпжанова А.Б. пәні математика, тақырыбы: «Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу» , сыныбы 2в. Сабаққа қысқаша талдау: сабақ «Үйшік» орыс ертегісі төңірегінде өткізілді. Ондағы ертегі кейіпкерлеріне берілген тапсырмаларды орындай отырып көмектесу керек. Мұғалім оқушылардың таным белсенділігін және математикалық тілмен сөйлеуіне аса көңіл бөлді.



Каталог: uploads -> doc -> 064a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
064a -> №7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет