15. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі22,64 Kb.
#143875
1   2   3   4   5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.
2. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу шаралары. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу (профилактикасы) мақсатында Қазақстан Республикасының заңында заңнама процесінде іске асыру және есепке алу, заңмен белгіленген функциялар аясында қандай да бір қызметті жүзеге асыру, құқық қорғаушы және арнайы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ жалпы алғанда мемлекеттік басқару органдарын қайта ұйымдастыру және реформалау үшін міндетті болатын құқықтық шаралардың жүйесі бектілген.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу дегеніміз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.
Осындай іс-қимыл шараларының жүйесі ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының екінші тарауында қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі (7-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет