ІҮ кезең «Сандар сыры» Қажетті санды қойып, толықтырып айту.
1. Анаңды... рет Меккеге арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың. (3)
2. Жақсы әке жаман балаға... жыл азық. (40)
3. ... атасын білмеген жетесіз. (7)
4. Жігіттің... жұрты болады. (3)
5. Қыздың... жаны болады. (40)
6. Мал ...жұттық, батыр...оқтық. (1)
7. ...саусақ бірдей емес. (5)
8. ....аға бірігіп әке болмас. (6)
9. Тойған жерге ...кел. (9)
10. ... тістен шыққан сөз, ... рулы елге тарайды. (30)
Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз, оқушылар. «Қазақ тілі – бай, оралымды тіл» деп Ғ. Мүсірепов атамыз айтпақшы, өз ана тілімізді шұбарламай, ең бірінші өз тілімізде өзіміз еркін де сауатты сөйлейік. Сонда ғана біздің, жастардың тілімізді сақтап қалуға, дамытуға қосқан үлесіміз болмақ.
(Қазылар алқасы жеңімпаз топтарды анықтап, белсенді араласқан оқушыларды марапаттайды.)