15-ші тақырып Агглютинация реакциясы. Тура емес гемагглютинация реакциясы. Сабақтың мақсаты



бет7/7
Дата07.03.2020
өлшемі0,98 Mb.
#59704
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
микро такырвп

Диагностикалық антигендер – инфекциялық ауруларға серологиялық диагноз қоюға арналған. Серологиялық реакциялардың типіне байланысты, антигендер - корпускулярлы (АР, КБР), сақтаушы-алып жүруші (ТГАР-ға арналған эритроцитарлық антигендік диагностикумдар, латекс –антигендер т.б.), ерігіш антигендер (ПР, ДПР) болуы мүмкін. Антигендерді дайындау технологиясы әртүрлі. Бірақ кезкелген антигендердің негізі болып, диссоциациялық қасиеті жоқ, бастапқы селекцияланған микроорганизмдер штамдары есептеледі.

Диагностикалық антигендерді бақылау олардың келесі қасиеттерін анықтаумен жүгізіледі:

Стерильділігіне бақылау (вакцинадағыдай) . Серологиялық реакциялар үшін антиген белгілі бір оптимальды концентрацияда болуы керек (микроб клеткасының 1 мл-гі саны).

Антигеннің активтілігін алдын ала белгілі позитивті- сарысумен серологиялық реакциялардың көмегімен анықтайды.

Антигеннің спецификалылығын алдын ала белгілі негативті- сарысумен серологиялық реакциялардың көмегімен анықтайды. Серологиялық реакциялардың тұнбалық типінің корпускулярлық антигендері спонтандық агглютинацияға –( антидененің қатысуынсыз тұнбаға түсуі) тексеріледі.

Диагностикалық антигенді бақылау жолы (сүтпен сақина реакциясының бруцеллездік антигені мысалында). Бұнда бруцеллалардың гемотоксилинмен боялған, стандартты концентрациясы пайдаланылады.

Стерильділігін –вакцинадағыдай анықтайды.

Активтілігін және тәнділігін анықтау (кесте 1) үшін, сау сиырлардан 10 сынама, жаңа сауылған сүт алады. Әр сүт сынамасын позитивті-бруцеллездік сарысудың әр түрлі сұйылтуларымен тексереді. Егер, позитивті- бруцеллездік сарысу қосылмаған барлық пробиркаларда теріс нәтиже (сүт боялған, беткі кілегей қабаты ақ сақинаға ұқсас көрінеді) алынса, онда антиген тәнді деп есептелінеді. Егер, позитивті сарысумен әр сынаманың барлық үш пробиркасында немесе 0,15 және 0,1 мл сарысу қосылған пробиркаларда айқын позитивті-оң нәтиже (сүт боялмаған-ақ күйінде, кілегей қабаты көк түске боялған ) алынса, онда антигенді активті деп есептейді.

Диагностикалық аллергендер. Бұл препараттар (бруцеллин, туберкулин, маллеин) қоздырғыш клеткаларының экстракті болып келеді. Аллергиялық диагностикалық тестің негізі - аллергенді енгізген жерде иммундық қабынудың спецификалық реакциясының пайда болуымен түсіндіріледі.

Диагностикалық аллергендерді бақылау (бруцеллезді балауға арналған – бруцеллин мысалында).

Стерильділігін –вакцинадағыдай анықтайды.

Зиянсыздығын бақылау – массасы 18-25 г ақ тышқанға, арқасына 0,5 мл бруцеллинді енгізеді.Олар 10 тәулік бойына, егілген жерінде қабыну реакциясы болмай тірі қалулары керек.

Аллергеннің тәнділігін тексеру - ақ түсті теңіз шошқаларына, денесінің жүні қырқылып тазаланған бүйір жағына, тері ішіне бруцеллинді 0,1 мл көлемде егеді. Оны эталонды препаратпен салыстырады. Реакцияның нәтижесін 24-48 сағаттан кейін қарағанда,препарат егілген жерде аллергиялық реакция болмауы керек.

Аллергеннің белсенділігін тексеру - 10-15 ақ түсті теңіз шошқаларына, аллергиялық сенсибилизация үшін, тері астына (0,25-1) х 109 Brucella melitensis Rev-1 жасушаларын енгізеді. Төрт аптадан кейін терісінің жүні қырқылып тазаланған жеріне 0,1 мл зерттелінетін бруцеллинді, және бақылау ретінде – эталонды аллергенді егеді. Реакцияның нәтижесін 24 сағаттан кейін қарайды, препарат егілген жердегі пайда болған қызарған ісіктің диаметрін өлшейді. Зерттелінген және эталондық аллергендер бірдей қарқындылықта болуы керек.

Кесте –І Диагностикалық бруцеллез антигенінің тәнділігін және бесенділігін бақылау

Компонент

Пробиркадағы компонент (мл) саны

1-ші

2-ші

3-ші

4-ші(тәнділігіне бақылау)

Сүт

2

2

2

2

20%-дық натрий хлоридінің ер-сі

0,2

0,2

0,2

0,2

Сілкіп- шайқап араластырады

Бруцеллезді сарысу

0,15

0,1

0,05

-

Сілкіп- шайқап араластырады

Антиген

0,15

0,15

0,15

0,15

Сілкіп- шайқап араластырады; 2 сағат 37-38оС -инкубациялайды

Тақырып 20.

Микробиологиялық зерттеуге материалды алу, консервирлеу, тасымалдау және сақтау. Микробиологиялық зерттеудің негізгі сызбасы
Сабақтың мақсаты. Микробиологиялық және серологиялық зерттеулерге материал алу ережелерін (техникасын) және жіберілетін материалға жолдама хат дайындауды меңгеру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар. Зертханалық жануарлар (қояндар); зертханалық жануарлардың өлекселері (қояндар, теңіз шошқалары); өлекселерді сойып-жаруға арналған парафині бар кюветтер; стерильді пробиркалар, заттық шынылар; Пастер пипеткалары; глицериннің сулы ерітіндісі (30%); материал салатын стерильді ыдыс; материалмен бірге жіберілетін жолдама хаттардың үлгісі; сарысуы бөлінген қан сынамасы.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар. 1. Серологиялық зерттеуге қан алу техникасын (тәсілін) меңгеру. Қан сарысуын консервирлеу. 2. Мал өлекселерінен микробиологиялық зерттеуге материал алу және оны консервирлеу. 3. Микробиологиялық және серологиялық зерттеулерге алынған материалдарға жолдама хаттарды толтыру.

Бақылау сұрақтары. 1. Микробиологиялық зерттеулерге алынатын материалға қойылатын негігі талап не? 2.Дисбактериозға зерттеуге материал алудағы ерекшелік неде? 3. Серологиялық зерттеуге арналған қан сарысуын қалай консервирлейді? 4. Микробиологиялық және серологиялық зерттеулерге жіберілетін жолдама хатта қандай деректер болуы керек? 5. Инфекциялық ауруларға микробиологиялық диагноз қоюдың негізгі схемасын сипатта.


Микробиологиялық зерттеуге материалды алуға және тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар.

Аурудың клиникалық белгілеріне байланысты, мүшелер мен ұлпалардағы (өкпе, ішектер, бүйрек, бауыр т.б) өзгерістердің болуын ескереді. Материалды тек бір бастан емес, бірнеше бастан алу қажет.

Малдардан материалды оларға антибиотиктер бермес бұрын немесе берілген антибиотик организмнен шыққаннан кейін алу керек. Өлген малдардан, материалды өлгеннен кейін 2-3 сағаттан кешіктірмей алу қажет. Себебі кешіктірген кезде организмдегі қалыпты микроорганизмдер ағзалар мен ұлпаларға еніп кетеді. Керекті микробты бөліп алу қиынға соғады.

Материалдың қосалқы микроорганизмдермен ластануын болдырмау үшін асептикалық ережелерді қатаң сақтаған жөн (стерильді құрал-жабдықтарды, шприцтерді, зертханалық ыдыстарды, контейнерлерді пайдалану).

Материалды тасымалдау қысқа мерзім ішінде (1,5-3 сағат) атқарылуы тиіс. Бұл үшін арнайы төменгі температураны ұстайтын контейнерлер (мұз салынған термос т.б.) пайдаланылады.
Малдың тірі кезінде микробиологиялық зерттеуге материал алу.
Сүт безінің өнімі. Малдың желінін сумен жуады, этанол ерітіндісі (70%) сіңірілген мақта тампондармен сүртеді. Сүттің алғашқы бөліктерін жеке алады, ал келесі бөліктерін стерильді пробиркаға құяды, фильтрлейді, 4оС температурада тасымалдайды. Сүт алынғаннан кейін 3 сағат ішінде зерттелуі керек.

Тыныс жолдарының инфекциялық ауруларында материал алу - мұрынның шырышты қабатынан материал алғанда – стерильді мақта тампонды танау қуысына кіргізеді, оны айналдыра бұрай отырып кілегейлі сұйығын жинайды. Жұтқыншақтан материал алғанда - шпателмен тілді басып тұрып, жұтқыншақ бездерінен (миндалиндер), жұтқыншақтың артқы жағынан стерильді тампонмен материал алады. Егер төменгі тыныс жолдары зақымданған болса, онда зерттелінетін материал ретінде малдың қақырығын, малға жем-шөп бермей тұрып алады. Кеңірдектен – материалды арнайы трахеотубуспен және сымтемірге оралған мақта тампонның көмегімен алады. Тампонды өте терең (бифуркацияға дейін) енгізгенде мал қатты жөтеледі, осы кезде бронхалық кілегей-сұйықты жинауға болады. Тампонды алынған материалымен физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға салады. Алынған қақырық 2 сағат аралығында зертханаға жеткізілуі керек.

Көз ауруларында материал алу – Конъюнктивадан (көздің дәнекер- қасаң қабығы) – ылғалды мақта тампонымен айналдыра жүргізе отырып алады. Көздің мөлдір қабығынан(мүйізгек қабығы) қырынды алу үшін, алдын ала көзге 1-2 тамшы анестетик тамызады. Сонан соң қабықтың өзгеріске түскен жерінен 3-4 қырынды дайындайды. Көзіші сұйықтығын - көздің алғы камерасына пункция жасау арқылы алады. Материалды лабораторияға тікелей жабық шприцтегі күйімен жібереді.

Сыртқы құлақ қабынуында материал алу – құлақтың терісін этанол ерітіндісімен (70%) сүртеді, стерильді физиологиялық ерітіндімен жуады, материалды стерильді тампонмен алады.

Қан алу. Малдың қызуы көтеріліп тұрған сәтте, стерильді шприцпен 15-20 мл көлемінде алу ұсынылады. Бұл үшін, ине енгізетін жерді алдын ала 70% этанолмен сүртеді, содан соң йод тұнбасымен (1-2%) 30 сек әсерлейді. Шприцтегі алынған қанды бірденнен қоректік ортасы бар пробиркаға құйған орынды. (Флаконның резина тығынын этанолмен , йод тұнбасымен әсерлейді сонан соң шприцтің инесін кіргізеді).

Малдың стерильді қуыстарынан (плевральды, перитонеальды, буынды) сұйықтық алу. Пункция (тесу) жүргізетін жерді этанолмен, йодпен тазалайды. Материалды стерильді шприцпен алады. Зерттеу алдында материалды 20-30 мин центрифугалайды (3000 айн/мин), тұнбаларды қоректік орталарға себеді.

Несеп. Сыртқы жыныс мүшелерін сумен жуады, стерильді физиологиялық ерітіндімен шаяды, стерильді мақта-дәкемен, тампонмен құрғатады. Несептің алғашқы порциясын (бөлігін) алмайды. Кейінгі бөліктерін стерильді сауытқа алады. Сау малдың несебінде қалыпты жағдайда да бактериялар болады, осы себепті алынған сынаманы жедел түрде зертханаға жеткізу керек. Ондай мүмкіншілік болмаса, онда оны 18 сағат (4оС) ұстауға болады.

Ішек инфекцияларына және ішек дисбактериозына зерттеу үшін нәжіс сынамасын алу. Дисбактериозға (дисбактериоз - организмдегі қалыптасқан микробтардың ара қатынасының бұзылуы) күдіктену мына жағдайда болады: жіті ішек инфекцияларынан кейін организмнің қалыпқа келуі біршама созылса, асқазанның бұзылуы жиілесе(іш өту, іш қату) – бұл кезде спецификалық қоздырғышты бөліп алу мүмкіншілігі аз, ұзақ уақыт антибиотик берілген жағдайда т.б. Нәжісті алғанда - малдың соңғы азықтанған уақытынан бастап сынаманы (нәжіс) алғанға дейін кемінде 8-10 сағат өтуі керек. Микроорганизмдердің жалпы санын анықтау үшін 2 г нәжісті стерилді, герметикалық жабылатын ыдысқа салады. Алынған сынаманы 2 сағаттан кешіктірмей зертханаға жеткізеді, ол 4 сағаттан кешіктірілмей зерттелінуі тиіс. Нәтижелерінің дәлділігі үшін зерттеуді 2-3 қайтара 1-2 тәулік аралатып жүргізген дұрыс.

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын анықтау үшін нәжісті тік ішектің терең ( 8-10 см) қуысынан стерильді мақта немесе мақта –дәке тампонымен алады. Сынаманы стерильді пробиркаға орналастырады.

Жыныс мүшелерінен материал алу. Қынап қуысының бөліндісін стерильді мақта тампонның көмегімен алады. Ірі малдардан мысалы, сиырдан - жатыр мойнының, қынаптың шырышын (кілегейлі заттарын), қолдан ұрықтандыруда қолданылатын ұзындығы 40-59 см болатын, полистиролды пипеткалардың көмегімен алады. Пипеткаларды шприцтерге қысқа резина трубкалармен жалғастырады, 2 мл стерильді физиологиялық ерітіндіні шприцпен сорып алып, оны қынап қуысына немесе жатыр мойнына (бірнеше қайтара) енгізеді. Содан кейін сұйықтықты стерильді пробиркаларға құяды.

Еркек малдардан, әдетте, күпектен материалды шайынды түрінде алады. Алдын ала күпекті тазалап жуады, сонан соң күпек қуысына керекті мөлшерде стерильді физиологиялық ерітіндіні шприцтің және полистирол пипетканың көмегімен енгізеді, күпекті массаждайды (уқалайды) және шайынды сұйықты шприцпен сорып алады.

Мал өлгеннен кейін, одан зерттеуге материал алу. Мүшелер (ұлпалар). Зерттеуге алатын мүшенің кесетін жерін спиртті тампонның жалынымен күйдіреді немесе қыздырылған метал шпателмен қариды. Мүшенің кесілген тілімін алып стерильді шыны ыдысқа салып, тығындайды. Зерттеу нәтижесінің дұрыстығы күмән тудырмас үшін материалды 4-5 малдан алу керек.

Егер материалды зертханаға бірер сағатта жеткізуге мүмкіндік болмаса, онда оны химиялық таза глицериннің сулы ерітіндісімен (30% -дық) консервирлейді. Суды алдын ала қайнатып-стерилдейді. Консервирлейтін ерітіндінің көлемі материалдың көлемінен 4-5 есе көп болу керек.

Бірқатар жұқпалы ауруларда (қоздырғыштарының төменгі деңгейде төзімділіктерінің себебінен) материалды арнайы тасымалдаушы қоректік орталарға орналастырады, мысалы : микоплазмаларға, хламидийларға, энтеробактерияларға және т.б. арналған тасымалдаушы орталар (Эймс, Кэрри-Блер, Стюарт орталары).

Материалда болжаған грамтеріс анаэробты бактериялар бар-ау деген жағдайда, мысалы , қойдың құрт бақай – жұқпалы ауруы, некробактериоз т.б. ұлпаның кесіндісін, ішіндегі материалымен шприцті, арнайы анаэробты жағдай жасайтын контейнерлерге орналастырады.

Зерттелуге арналған материалдарды арнайы термостармен (ішіне мұз және ас тұзын 3:1 салып - қоспаның температурасы -15-20оС), құрғақ мұздың және этанолдың бірдей мөлшері (қоспаның температурасы -70оС) тасымалдаған тиімді, нәтижелі.

Ұсақ малдардың өлекселері зертханаға тұтастай жіберіледі.

Көпшілік жағдайда зертханаға түскен консервирленбеген материалды 4оС температурада 1-2 тәулік сақтауға болады. Ал, глицерин ерітіндісімен консервирленген материалды – бірнеше апта; материалды ұзақ уақыт сақтау үшін оны -15-20 оС мұздатады. Еске ұстау керек – неғұрлым зерттеуге алынған материалды қоректік ортаға тезірек себетін болса, соғұрлым одан керекті қоздырғышты бөліп алу мүмкіншілігі жоғары болады.

Ішекті зерттеуге алу – кезінде оның көзге айқын көрінетін өзгерісі бар бөлігін таңдайды. Егер зерттеуге ішектің ішіндегі заты керек болса, мысалы, микробтың токсинін анықтайтын жағдайда, онда ішектің сол бөлігіне лигатура салып кесіп алынады. Қалған жағдайда, ішектің таңдалған бөлігін ішіндегі сұйықтығынан босатады, стерилді сумен жуады және 30-40%-дық стерильді сулы глицерин ерітіндісі немесе хлорлы натрийдің қаныққан сулы ерітіндісі бар банкіге салады. Ішекті региональды лимфа түйіндерімен бірге зертханаға жібереді.

Патологиялық материалды алып дайындау және зерттеуге жіберу.

Ұсақ малдардың өлекселері, өлекселердің мүшелері мен ағзалары зертханаға арнайы кісімен (нарочный-шабарман,арнаулы дербес тапсырманы апарушы) жіберіледі. Алынған материалдарды, жілік-сүйектерді әк суы немесе фенол ерітіндісі сіңірілген мата, дәкеге орап арнайы ыдысқа орналастырады. Зерттелетін материал өте қауыпты инфекциялық ауруларға (топалаң, бруцеллез т.б.) күдікті болса, онда материалды метал-коробкаға салып, дәнекерлеп, пломбирлеп және оны қосымша ағаш жәшікке орналастырады. Егер, бұндай материалды арнайы кісімен жіберетін болса, онда металл коробкасыз, бірақ ағаш жәшікпен жіберуге болады. Материалды поштамен немесе арнайы кісімен жібергенде жәшіктің беткі жағында «Абайла - шыны» және «Үсті» деген ескерту- жазбалар болу керек.
Зертханаға жіберіліп отырған материалға ілеспе құжат (жолдама хат) толтырады. (Үлгі)

«Республикалық ветеринариялық зертхана»

Шаруашылық жүргізу құқығындағы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Семей өңірлік филиалына

Адресі: Семей қаласы, Сатпаев көшесі, 201.

Бұл ретте микробиологиялық зерттеу үшін материал жіберіліп отыр:.

Патологиялық материал (қандай, толық аттарын тізеді, қай малдан алынды, жынысы, жасы және қандай шаруашылықтың малы (шаруашылықтың аты, бөлімше-фермасы, малдың иесінің аты жөні жазылады).

Малдың ауырған күні (датасы)...............

Малдың өлген күні (датасы)...................

Аурудың клиникалық белгілері..............

Патологиялық сойып-жарғандағы байқалған көрініс-өзгерістер............

Болжам диагнозы (қай ауру екен деп ойлайсыз)....................................

Материалды зерттеуге жіберген күні (датасы).......................................

Материалды жіберушінің аты, жөні, лауазымы, қолы.

Егер, зертханаға әкелінген материалды ашқан кезде, материалдың бүлінуі немесе оның ішіндегілер ілеспе құжатта (жолдама хат) көрсетілгендермен сәйкес болмаса, онда бұл туралы акт (болған жағдайға) жасайды. Актінің көшірмесі (копия) материалды жіберген малдәрігеріне беріледі.

Серологиялық зерттеуге малдан қан алу.

Серологиялық зерттеуге сиырдан, қойдан, жылқыдан қанды күре тамырдан, стерильді бактериологиялық пробиркаларға 7-10 мл көлемінде, шошқадан – құйрық, алдыңғы краниальді көк тамырлардан, құлақ көк тамырынан, көз қуысының тамырынан, құстардан – қанат асты тамырынан немесе айдарынан алады.

Мүмкіндігінше қанды таңертең, малды азықтандырмай тұрып алу керек. Бұған стерильді инелер қолданады. Ине енгізетін жердің жүнін қайшымен қырқып,терісін этанол, 3%-дық фенол ерітіндісімен дезинфицирлейді (сүртеді).

Алынған қанды оның құрамындағы элементтердің ұйып, тұнбаның жиырылуы үшін 30-35оС температурада бір сағаттай ұстайды. Содан соң сарысуды тұндыру үшін оны салқын жерге орналастырады. 10-12 сағаттан соң сарысуды алып стерильді пробиркаларға құяды. Қан сарысуы 24 сағаттан кешіктірмей зертханаға жеткізілуі тиіс. Қан сарысуын алыс жерлерден тасымалдағанда оны 5%-дық карбол қышқылының ерітіндісімен (1-2 тамшы фенол ерітіндісі + 1 мл қан сарысуы) консервирлейді. Сарысуды бор қышқылымен де консервирлеуге болады. Қан сарысуын кептіру арқылы да консервирлеуге рұқсат етіледі. Бұл мақсатта 0,4 мл қан сарысуын сорғыш қағаздың (5 х 5 см) тіліміне тамызады, шашыраңқы жарықта кептіреді және әр бір сынаманы (тілім) қарапайым қарындашпен жазып белгілеп пергамент қағазға орайды,зерттеуге жібереді. Зертханада сынаманы пробиркаға салады, оған 2 мл физиологиялық ерітінді құяды, 6-10 сағат термостатта немесе 24 сағат бөлме температурасында ұстайды. Сонан соң зерттейді.

Сарысудың әрбір сынамасына - малдың нөмірі немесе аты, мал иесінің аты-жөні көрсетіледі. Қан сарысуының сынамасына арнайы толтырылатын тізімдеме қоса беріледі.(Үлгі- мына формада).
Зертхананың белгісі

Материалдың түскен күні..........................

Жеткізілген сынама саны..................................

Жарамсыз деп есептелгені.............................


«Республикалық ветеринариялық зертхана»

Шаруашылық жүргізу құқығындағы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Семей өңірлік филиалына

Адресі: Семей қаласы, Сатпаев көшесі, 201.

Бұл ретте зерттеуге (сынама саны) қан сарысуы (малдың түрі көрсетіледі) жіберіліп отыр.

Қандай шаруашылықтың малы ( ауданның, шаруашылықтың аты, бөлімше-фермасы, жазылады).

Серологиялық зерттеуге ( қай ауруға зерттеу керек екені көрсетіледі)..

Шаруашылық, бригада, отар, гурт, табын (аурудан бос немесе ауру бар-қауіпті ме; вакцинделген болса - вакцинаның сериясы, нөмірі,қай жердің вакцинасы, қашан шыққанын толық көсетеді)........................................

Зерттеудің жүргізілуі - бірінші рет пе, қайтара ма (астын сызу керек).

Алдыңғы зерттеу қашан (датасы) жүргізілді, нәтижесі қандай болған.

Қан алынған күн (датасы).............................................................

Зерттеуге қан алынған малдардың тізімі:

Қатар саны



Малдың

иесі,шаруа

шылықтың аты


Жынысы

Жасы,

түсі


Инв.№

аты


Зерттеу нәтижесі

АР

КБР

РМАЛ

Оң,

Теріс,


күдікті

Титр

Оң

Теріс


күдікті

Серотип

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























Мал дәрігері (сынаманы жіберуші-қолы)... Мал дәрігері (сынаманы зерттеген-қолы)

Зертханада материалды зерттеуге қабылдау тәртібі.

Материалды әкелген кісі (шабарман) қабылдау бөлмесіне тапсырады. Бұл бөлме зертхананың басқа бөлмелерінен оқшау орналасуы тиіс. Қабылдайтын дәрігер материалды арнайы терезеден қабылдайды, журналға тіркейді және тексеру мақсаттарына байланысты (жолдама хатқа сүйене отырып) оны тиісті бөлімдерге (мамандарға) жібереді. Мал өлекселерін сойып-жару, қарау арнайы бөлмеде жүргізіледі. Бұнда қандай патологиялық өзгерістердің бары тіркеуге алынады, толық сипатталады. Қабылдау бөлмесінде шүмегін шынтақпен басып ашатын раковина болу керек. Бұл бөлме мына жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс: пластикпен не мырышталған темірмен қапталған столдардар мен стеллаждар, арнайы киімдерге (халат, қалпақ, резеңке қолғаптар,етіктер т.б.) арналған шкаф, контейнерлер, штативтер, дезинфицирлеуші ерітінділері бар ыдыстар. Жұмыс күнінің соңында, қабылдау бөлмесінің материалдарды қабылдайтын және материалдарды бөлімдерге тарататын терезелердің ішкі бетін, столдардың (стеллаждардың) беттерін дезинфицирлейді.

Микробиологиялық зерттеудің ережесі схемасы.

Зертхананың бактериологиялық немесе серологиялық бөлімдеріне түскен материалдар сол немесе басқа инфекциялық ауруларға мына бағыттарда тексеріледі.

Материалда қоздырғыштың бар екендігін оның таза өсінін бөлмей - ақ анықтау:

бактериоскопиялық зерттеу (боялған жағынды-таңба әдісімен);

әртүрлі серологиялық реакциялармен (ФАӘ, ИФТ, ДПР, КБР т.б.) қоздырғыштың антигенін анықтау;

қоздырғыштың ДНҚ табу (ПТР т.б.).

Материалда қоздырғышты немесе оның токсинін зертханалық жануарларды егу (биосынама) арқылы анықтау.

Қоздырғышты бөліп алу және идентификациялау:

зерттелінетін материалды қоректік орталарға себу және өсіру;

бөлінген микроб өсінінің морфологиялық, тинкториальдық, культуральдық, ферментативтік және патогендік қасиеттерін анықтап оларды идентификациялау; бұл кезеңде бөлінген микробты серологиялық әдістермен (АР, ПР, ФАӘ, ИФТ, ТГАР) индентификациялайды.

Инфекциялық ауруларды серологиялық (ретроспективті) диагностикалау. Серологиялық реакциялар (АР, КБР, ИФТ, ТГАР т.б.) көбінесе созылмалы түрде өтетін бактериоздарды балауда пайдаланады.



Аллергиялық диагностика. Бұл әдіс ветеринариялық практикада тікелей шаруашылық жағдайында өткізіледі.

Көрсетілген микробиологиялық диагностика әдісін орындауға мүмкіншілігі бар зертханаларда іске асыруға болады, бірақ ізделініп отырған қодырғыштың ерекшелігіне байланысты схеманы да таңдап алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет