15-ші тақырып Агглютинация реакциясы. Тура емес гемагглютинация реакциясы. Сабақтың мақсаты


Тура емес (пассивті-енжар) гемагглютинация реакциясы (ТГАР)



бет2/7
Дата07.03.2020
өлшемі0,98 Mb.
#59704
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
микро такырвп


Тура емес (пассивті-енжар) гемагглютинация реакциясы (ТГАР).

ТГАР қоюға эритроциттерге сорбцияланған (сіңірілген) ерігіш микробтық антигендер (антигендік диагностикум) немесе эритроциттерге сорбцияланған (сіңірілген) белгілі иммундық қан сарысуының антиденелері (антиденелік диагностикум) пайдаланылады. Антигенді диагностикумдарды - серологиялық балауға, ал антиденелі диагностикумдарды - зерттелініп отырған материалдағы антигенді табуға қолданады. Антигендік диагностикумдарды дайындағанда эритроциттерді (тұрақтандыру мақсатында) формальдегидпен, глутарлы- немесе акрилді альдегидтермен өңдейді. Осы жолмен өңделген эритроциттер өз бетіне оп-оңай полисахаридтерді жабыстырады. Ал танинмен өңделген эритроциттер, олармен қоса, белоктарды да сорбциялайды. Эритроциттерге антигендерді немесе антиденелерді сіңіру(сорбциялау) – сенсибилизациялау деп аталады. Эритроциттерді сенсибилдеу үшін қанша оптимальды мөлшерде антиген немесе антидене керек екендігін тәжірибелік жолмен анықтайды.

ТГАР қою техникасы мынада. Мысалы, антиденелерді анықтағанда зерттеу алдында қан сарысуын 56оС-30 мин су моншасында инактивтейді. Эритроциттердің өзінің антигендеріне антиденелердің бар-жоғын тексереді. Өйткені, кейбір қан сарысуларында олардың болуы мүмкін. Антиэритроцитарлы антиденелерді жою үшін, зерттелінетін қан сарысуын алдын ала сенсибильденбеген эритроциттермен адсорбциялайды (сіңіру). Зерттелінетін адсорбирленген қан сарысуын полистиролды планшеттерде 0,5 мл көлемде 1:100 сұйылтудан бастап 1:800 –ге дейін физиологиялық ерітіндімен сұйылтады. Содан кейін планшеттің әрбір ойшығына 0,25 мл-ден антигендік диагностикум құяды, планшетті айналдыра қозғап компоненттерді араластырады. 37оС температурада 2-2,5 сағат термостатта ұстайды. Реакция нәтижесін 4-крест (++++) белгісімен бағалайды:

«++++»- (4+) – барлық эритроциттер агглютинацияланған, ойшықтың түбін «шатыр» тәріздес тұнба жауып жатады;

«+++» - (3+) – эритроциттердің көбі шөккен, «шатыр» фонында агглютинацияланбаған эритроциттердің әлсіз көрінетін шеңбері байқалады;

«++» -(2+) және «+» - (1+) - «шатыр» әлсіз-нашар көрінеді және агглютинацияланбаған эритроциттердің тұнбасы сақина тәріздес болады;

«-» - (-) – эритроциттер жабыспаған және ойшық түбіне «түйме» тәріздес, шеттері тегіс тұнба түзген.

«Оң» реакция деп кемінде 3(+++) берген ойшықты есептейді.



Параллельді алдын ала белгілі позитивті және негативті қан сарысулармен бақылау қояды.


Сурет-Тура емес гемагглютинация реакциясының нәтижесін бағалау

16-шы тақырып

Преципитация реакциясы.
Сабақтың мақсаты. Студенттерді сақиналы және диффузиялық преципитация реакциясының механизмімен, қою жолдарымен және нәтижелерін бағалаумен таныстыру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар. Топалаң ауруының преципитациялаушы қан сарысуы; топалаңның стандартты антигені; стерилді физиологиялық ерітінді; Пастер пипеткасы; Уленгут пробиркасы; мертиолат қосылған 1,5% -дық агар гелі; стерильді Петри табақшасы; ДПР-ге (диффузды преципитация реакциясы) арналған штамптар.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.

1.Сақиналы преципитация реакциясын (ПР) қою техникасын меңгеру.

2. ДПР-ді топалаңның белгілі иммунды қан сарысуымен және стандартты топалаң антигенімен қою. (Нәтижесі келесі сабақта қаралады).

Бақылау сұрақтары.

1. Преципитация феноменінің мәні неде?

2.Сақиналы преципитация реакциясының (СПР) қандай варианттары белгілі? 3.СПР-дің ДПР-ден айырмашылығы неде?

4. ДПР нәтижесін қалай түсіндіресіз?


Преципитация реакциясы агглютинация реакциясындай серологиялық реакциялардың тұнба түзетін типтеріне жатады. Бірақ АР-дан айырмашылығы , бұнда (ПР) корпускулярлы антигеннің орнына микробтың ерігіш антигендері пайдаланылады. Антиген+антидене комплексінің құрылуы, иммундық қан сарысуы мен ерігіш антигеннің түйісу аймағында, ортаның оптикалық тығыздығының өзгеруімен (тұмандану) жүреді. Біраз уақыттан кейін АГ+АД коплексі тұнбаға түседі. Преципитацияның сөзбе-сөз аудармасы – төмен құлдырау.

ПР антигенді микроорганизмдердің таза өсіндісінен немесе ауруға күдікті зерттелетін материалдан дайындайды. Қайсысы болмасын – қойылатын талап біреу-ғана, ол – материалдан антигенді тиімді ((денатурациясыз) бөліп алу. Ерігіш антигендерді микроорганизмдерді механикалық дезинтеграциялау немесе термиялық, химиялық экстракциялау жолымен алады.



Преципитация феномені негізінде сақиналы преципитация (СПР) және диффузиялық преципитация (ДПР) реакциялары әзірленді.

Сақиналы преципитация реакциясы (СПР). Бұл реакцияның аты реакцияны алғаш ұсынған автордың (Асколи) атымен аталады. Топалаң ауруына балау қоюда жиі қолданылады. СПР-ді қойғанда мына талаптардың орындалуы керек: антиген ерітіндісі мен иммунды қан сарысуларының мөлдірлігі (тұнықтығы). Осы себепті, керек болса, реакция компоненттерін арнайы сүзгілерден , мысалы, асбесті мақтадан өткізеді. СПР –ді үш вариатта қоюға болады.

Антигенді «қабаттау» әдісі . Уленгут пробиркаларына (диаметрі 2-3 мл) пастер пипеткасының жіңішке ұшымен, пробирка қабырғасына жанаспай, 0,3-0,4 мл иммунды преципитациялаушы (преципитин) қан сарысуын енгізеді. Сонан кейін пробирканың қабырғасымен ақырындап қан сарысуының бетіне 0,1-0,2 мл ерітілген зерттелетін антигенді (преципитиногенді) қабаттайды. Қан сарысуы мен экстрактінің тығыздықтарының алшақтығы арқасында компоненттер араласып кетпейді. Реакция нәтижесін тексеруді қара қағаз фонында жүргізеді. Реакцияның «оң» нәтижесінде, 5-10 мин өткеннен кейін компоненттердің қабаттасқан жерінде ақ-сұр диск -сақина (преципитат) пайда болады.(Сурет)

Сурет – Сақиналы преципитация реакциясы



Антиденені «қабаттау» әдісі. Уленгут пробиркаларына алдымен антигенді енгізеді, сонан соң пастер пипекасының ұшымен өте жоғары байыппен пробирканың түбіне, антигеннің астына,иммунды қан сарысуын енгізеді -«қабаттайды».

СПР-дің микроварианты -компоненттерді үнемдеу үшін ұсынылған. Бұл жағдайда шыны капиллярларды немесе диаметрі 0,5-1 мм болатын пастер пипеткаларын пайдаланады. Капиллярдың бір ұшын преципитациялық қан сарысуы құйылған флаконға батырады, одан биіктігі 1-1,5 см-дей алады, капиллярдың жоғарғы тесігін сұқ саусақпен жабады. Содан кейін, капиллярдың сыртындағы артық сарысуды мақтамен алып тастап, оны антиген ерітіндісіне батырып тең мөлшерде антигенді алады. Қан сарысуы мен антигеннің қоспасы капиллярдың ортасында болатындай етіп капиллярды аударады. Содан соң оны вертикальді қалыпта пластилинді пластинкаға бекітеді. Нәтижесін кәдімгі СПР сияқты есептейді.

Тіндік материалды зерттегенде СПР-ге мына бақылаулар керек:

иммундық сарысу + стандартты антиген;

иммундық сарысу + физиологиялық ерітінді;

иммундық сарысу + сау малдың тінінен дайындалған экстракт.

Егер 1-ші бақылау «оң», ал қалған бақылаулар «теріс» нәтиже көрсетсе, онда преципитация реакциясының көрсеткіштері ең шын, күдіксіз деп есептейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет