Курсалды тапсырмалар нұр-сұлтан 2021 мазмұНЫ



бет1/7
Дата23.11.2022
өлшемі380,67 Kb.
#159470
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КурсалдыТапсырма
Бағалау нұсқаулығы, 7-сынып ЖАЗҒЫ МЕКТЕП 2022, Лутц М. Изучаем Python (4-е издание, 2011), Презентация для урока Әлемдік экологиялық проблемалар, Тапсырмалар, Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энер-melimde.com, Техника, Саба ты та ырыбы Арифметикалы рнектерді жазылу ережелері О , moiseev-09, 12-13 Прак, түсінік хат 3 пен 4 сынып, Мәселені анықтау, протокол 09.02, 4 топ Тапсырма 4



КУРСАЛДЫ
ТАПСЫРМАЛАР


НҰР-СҰЛТАН 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
Деректер жинауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар 5
Курсалды тапсырмалар 6

  1. қосымша. Мектеп туралы статистикалық мәліметтер 8

  2. қосымша. Мектеп құндылықтары мен мәдениеті 10

  3. қосымша. Мектептің әлеуметтік серіктестігі 10

  4. қосымша. Мектепте жүзеге асырылатын зерттеулер, жобалар 11

  5. қосымша Оқушыларға арналған сауалнама 12

  6. қосымша. Ата-аналарға арналған сауалнама 15

  7. қосымша. Мұғалімдерге арналған сауалнама 17

КІРІСПЕ


Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) қазақстандық білім беруді әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау жағдайында педагог кадрлар мен мектеп басшыларын үздіксіз кәсіби дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізуде (https://www.cpm.kz). Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жинақталған озық тәжірибесін Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне енгізе отырып, ПШО үздік қазақстандық және шетелдік педагогикалық тәжірибені таратады, білім беру бағдарламаларын әзірлеп, әлемдік тәжірибеге сәйкес білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.


Ұсынылған курс бағдарламасы білім беру ұйымдарының басшыларын қазіргі заманғы мектептің даму ерекшеліктерімен және білім берудегі сыни талаптармен, білім берудегі өзгерістерді басқару және көшбасшылық мәселелерімен таныстыруға бағытталған. Мектеп басшылары оқу барысында деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістерін қарастырады, мектептің дамуын перспективалық жоспарлауға, инновациялық әрекеттерді жобалауға қатысты кәсіби құзыреттерін жетілдіріледі.
Бағдарламаның басты бағыты мектепті дамытудың маңызды шарты ретінде сенімділік танытуға негізделген. Осыған байланысты, педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері курстың алғашқы күнінен бастап сенімді қолдау көрсететін қолайлы оқу ортасын құруға ұмтылады.
Білім беру бағдарламасын өз деңгейінде меңгеруге қол жеткізу мақсатында курсалды тапсырма орындау көзделген, мұндағы көзделетін мақсат – мектеп басшысын өз тәжірибесі туралы ойландыру және мектептегі білім беру сапасын, мектептің инновациялық дамуын басқару қызметін талдау үшін қажетті деректерді дайындау болып табылады.
Курсалды тапсырмалар бағдарламаның модульдік құрылымына сәйкес бағдарлама бойынша курста оқуға дайындалуға бағытталған.
Мектеп директорының басқарушылық қызметі кең ауқымды және оны бір курс аясында толық (терең) ашып көрсету қиын. Курстың құрылымы мен мазмұны бағдарламаның төрт бағытына шоғырланған:

    1. Инновациялық, стратегиялық және жобалық менеджмент негізінде мектептің дамуын перспективалық жоспарлау;

    2. Мектепішілік бақылау және мониторинг негізінде білім беру үдерісінің сапасын басқару.

    3. Желілік қауымдастық, әлеуметтік серіктестік және педагогтердің әлеуетін арттыру.

    4. Мектеп директорының жеке және кәсіби өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі басқаруы.

Деректерді жинау және өңдеу сіздің жеке мектебіңізге қатысты мәліметтерді ұсынумен байланысты алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Бұл деректер қатаң құпиялылық деңгейде сақталып, ешқайда жарияланбайды, сіздің басшы ретіндегі қызметіңізге ешқандай нұсқан келтірмейді.
Аудиториялық оқудың бірінші кезеңіне Сіз курсалды тапсырмада берілген кестелерге сәйкес өз мектебіңіз туралы деректерді (электрондық нұсқада) алып келуіңіз қажет. Сонымен қатар білім беру саласындағы қолданыстағы халықаралық, республикалық, өңірлік бағдарламалардың электрондық нұсқасы мен оларды іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары да сізге қолжетімді болғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет