Қыз өмірдің қызғалдағы Баяндама



Дата27.11.2022
өлшемі18,69 Kb.
#160091
Байланысты:
Қыз өмірдің қызғалдағы Баяндама
Ана, Ана, кристал тор, 3-Емтихан жауаптары, 297870, 315402

Тақырыбы: Қыз-өмірдің қызғалдағы
Мақсаты: Оқушыларды қазақ қызының бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттерімен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстыра білу;
Ұл бала мен қыз бала бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
Қыз балалардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту; Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, яғни эстетикаға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қыздарды әдептілікке, әдемділікке, инабаттылыққа, сыпайлыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге білуге. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен. Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық.
Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.Қызды "жат жұрттық" деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады.
Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.
Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып,әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы ожан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білемін.
-«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті. Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек. Қазақ «Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе елдің көркі», - деп бекер айтпаған.. Бабаларымыз қызды гүлге теңеп, әдеміліктің, әсемдіктің символы санаған. Жапырағымен етегін жауып, түрлі-түсті қауыздарының астына бал шырынын жасырған гүл жан-жағына мейірім мен әсемдікті, тазалықты таратып тұрғандай. Қазақ халқы "қыз" -деген сөздің әдеміліктің, шабыттылықтың, нәзіктіктің белгісі деп таныған. Халқымыздың жалық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз, қызға көптеген керемет суреттемелермен сипаттаған. Сондай- ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы "Қыздың жиған жүгіндей", "Қыздың тіккен кестесіндей" т.б. "Қыз жағажағы құндыз", "Қызы бар үйдің қызығы бар"т.б.
Қыз әрбір үйдің гүлі десе де болады. Тәрбиені қыздан бастау қажет. Қыз анасының ізін жалғастырар кейінгі ұрпақ. Аталарымыз: "Шешесіне қарап қызын ал" деп бекер айтпаған. Қыз қандай болса шешесі де сондай деуге болады. Анасы қандай тәрбие берсе қыз соны алады. Сондықтан ел мақтанарлықтай, үлгілі, әдепті қыздарымыз коп болуы үшін, оларға дұрыс жолды сілтеп кейбір істерге тыйым салып отыруымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет