Түсінік хат «Биология» оқу пәні



бет1/6
Дата13.02.2023
өлшемі43,41 Kb.
#168484
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 сынып КТЖ жаңа
Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы, Экспертиза Жамбылова А, Биохимия, 1554392529, ИГХ САУТАХЫН АРУЖАН, тесты акуш, КТЖ 8 сынып Биология жанасы, 5 сынып Жаратылыстану КТЖ 2022-23 Гульмира-2, 10-11оқу бағдар

Сынып: 9,пәні: «Биология» Барлық сағат саны: 72; Аптасына сағат саны:2 Н.ГАсанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова.- Алматы: Атамұра ,2019


Түсінік хат
«Биология» оқу пәні
Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3тамыздағы №348 бұйрығы, "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйегіндегі №399 бұйрығы, " 2022-2023 оқу жылында Қазақстан орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы " әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оныңажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет