17. Гравиметриялық әдіс. Гравиметриялық анализдің жіктелуі. Аналитикалық тепе-теңдік. Гравиметриялық анализ


Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі



бет6/7
Дата23.12.2021
өлшемі53,24 Kb.
#128441
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
17-18-19-20 (копия)
9,10,11,12, 9,10,11,12, Документ, 199261009045638 (1) (копия), PhD докторантура институтыны? директоры (копия), PhD докторантура институтыны? директоры (копия), umkd (6), Badavamova, Задачи экз. (копия), Задачи экз. (копия)
Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі:

Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуі. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасайды және әркім жауапкершілікті сезінеді.

Қалай оқу керектігін үйретудің идеялары осы диолог арқылы оқытумен тығыз байланысты. Яғни мұнда оқушылар өздігінен білім алуға жауапкершілігін түсінеді. Өзара әңгімелесу арқылы өзінің пікірі қалыптасады.

Оқытудың маңызды бір бөлшегі – оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өз жұбын бағалауы және өзара топ мүшелерін бағалауы. Мысалы, диалогтік оқыту әдістемесі негізінде жүргізілген алғашқы сабақтарымда оқушылар өздерін, жұбын, тобын бағалаған кезде жаймашуақ бағаласа, келесі сабақтарда балалар бағалау кезеңінде мұғалімнің кеңесі бойынша берілген критерийлерге жүгініп, толық мағыналы және әділ бағалады.

Пікір сұрау, талдау әдістемесі менің сабағымда кеңінен қолданылады. Бұл әдістеме кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған сұрақтар дайындайды. Жұмыс топтарының саны сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады.

Ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский: «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат», - деп өз замандастарына терең ой салған. Сондықтан қазіргі заманда оқушының білім алуға құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасауы тиіс. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығына тікелей байланысты.Заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына жеткізуші» болуы тиіс.Оқушыларды жалықтырып алмай қызығушылықтарын арттыру мақсатында берілетін тапсырмалар бір сарында емес, әр-түрлі сипатта болуы керек. Қызықтыру мақсатында оқушыларға тапсырмаларды конвертке салып тарату, ұяшықты таңдау немесе бейнероликтер көрсету және т.б. арқылы беруге болады.

Бұл жүйедегі оқыту әдісін оқушының білім сапасын молайтып, олардың пәнге деген қызығыушылығын арттырып, үнемі ізденіс үстінде жан-жақты даярланып жүретіндігімен пайдалы деп ойлаймын.

Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл технологияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы арта түсіп, бір-біріне бар ынта жігерімен көмектесіп,үйретуге,топтық жарыстар кезінде жетекшінің ұйымдастыру қабілетінің арта түсетіндігі,оқушы бағалауының әділ болатындығы және бірнеше оқушыны бағалау мүмкіндігі туатындығы және т.б. оқушыларды топтап оқытудың қолайлы екендігінің бірден-бір дәлелі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет