46.Kazak-Çin ilişkileri, pratik uygulamasının ilerleyişi kavramını seçin ve kurun Қазақстан-Қытай қатынастарының тұжырымдамасын, оны практикалық іске асыру барысын таңдау және бекіту Қазақ хандығы құрылғаннан кейін бұл қарым-қатынастар дипломатиялық сарынға түсті. Қытай мұрағаттарында Қазақ хандығы арасындағы орын алған тығыз қарым-қатынастарды растайтын көптеген құжаттар сақтаулы. Жоңғар хандығын жұтып, қазақ даласына аранын ашқан шығыс «айдаһарымен» жаңа қатынастарға алып келген ірі саяси оқиғалар XVIII ғасырда басталды. Осы қиын қыстау кезеңде Абылай хан, өзінің дипломатиялық шеберлігін пайдаланып, ашкөзді жауызды тоқтатып қана қоймай, өзін мойындата алды. Абылай ханға қытай императоры «ван» (князь) атағын беріп, жалақы төлеп отырған.
ХХ ғасырда Қытаймен арадағы қатынастар тығырыққа тірелді. Бір жағынан, қазақтар 1916 жылдары патша жазаулашыларына, 20-шы және 30-шы жылдардағы аштықтан қашып, Қытайдан пана тауып отырған. Осының арқасында Қытайда ең ірі шетелдік қазақ диаспорасы қалыптасты, тіліміз, мәдениетіміз, әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз сақталды. Екінші жағынан, қазақтан шығыс көршіні өздеріне төніп тұрған қауіп ретінде қабылдайды. Қазақтың мақал-мәтелдерінде осыған байланысты халықтың пайымы байқалады: "Қытайға барсаң - қыл бұрау, орысқа барсаң - кең тұсау", "Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінер", "Қытай қырық жылдан кейінгі қулықты ойлайды". ҚХР-да қазақ автономиясын құруға талпынған Оспан батыр қуғынға ұшырады. Қазақтардың еркіндігі үшін күресте ол өмірін қиды.
Кеңес заманындағы соғыстан кейінгі кезең де жайдарлы болмады. «Өмір-бақи ағайын боламыз» деп бастады. Мектепте социалистік елдерінің оқушылары арасында хат алмасу тәжірибеге айналды. 1958 жылы жас Нұрсұлтан Назарбаев Сычуань Чжоу Бай-Сяо провинциясының Цзыгун қаласының № 5 орта мектебінің оқытушысымен хат алмаса бастады.
Ал 60-шы жылдары әскери қақтығыстарға дейін алып келген қарым-қатынастардың шиеленісуі орын алды. Міне, осындай жағдайда біз 1991 жылы жаңа қарым-қатынастар орната бастадық