БҰҰ құрылуы. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеудің ажырамас бөлігі – ол Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы болды. БҰҰ соғыстың аяқталу кезеңінде Сан-Францискодағы конференцияда (1945 жыл, 25 сәуір-26 маусым) құрылған болатын. Алғашқыда оның құрылуына Гитлерге қарсы одақ мүшелері 51 мемлекет қатысты. БҰҰ Жарғысы 1945 ж. 24 қазанында күшіне енді. Бұл дата БҰҰ күні ретінде атап өтіледі.
БҰҰ Жарғысында оның мақсаттары жазылды. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, басқыншылық актілерін басып тастау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту, экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты іске асыру, адам құқықтарына және нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, жұрттың барлығының негізгі бостандықтарына деген құрметті қолдау және дамыту.
БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Халықаралық сот, бірнеше арнайы кеңестер мен басқа да үкіметаралық ұйымдар. Бас Ассамблея жыл сайын шақырылап отырылады , ал Кауіпсіздік Кеңесіне бейбітшілікті қолдау ісі жүктелген . Кауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі ( АҚШ, Ресей, Ұлыбритания , Франция, Қытай) және 10 уақытша мүшесі (екі жылда ауысып отыратын) бар.
Кеңестің жұмысындағы басты принцип – ол ұйымды соғыстан кейінгі ұлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылық жағдайында сақтап қалуға мүмкіншілік берген басқыншылықты тыю және бейбітшілік сақтау жөніндегі шешімдері қабылдаудағы бес тұрақты мүшенің бірауыздылығы қағидасы болды. («Тыйым» құқтығы, яғни бес мүшенің біреуі келіспеген кез-келген шешімді қабылдамай тастау құқығы.) БҰҰ қамқорлығымен экономикалық тұрақтандыру жөніндегі маңызды институттар құрылды: Халқаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі . Сөйтіп , соғыстың соңғы кезеңінде және ол біткен соң көп ұзамай Гитлерге қарсы одақ елдерінің соғыстан кейінгі ынтымақтастығын жалғастыра берудің іргетасты қаланды , КСРО меня АҚШ мудделерінің қаншалықты қатты қақтығыстарына қарамастан , оларға соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда құрылған халықаралық ұйымдар мен келісілген шешімдердің шеңберінде күрес жүргізуге тура келді.
Нюрнберг соты. Соғыстан кейінгі реттеу мәселелерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі басты соғыс қылмыскерлерінің үстерінен жүргізілген сот процестері болды.Нюрнберг процесінде басты нацистік соғыс қылмыскерлеріне басқыншылық соғыстарды дайындау және жүргізу жолымен бейбітшілікке қарсы қастандық жасағандығы , адамзатқа қарсы қылмыстары және әскери қылмыстары үшін айып тағылды. Трибунал 12 айыпталушыны өлім жазасына , ал қалғандарын әртүрлі мерзімге қамау жазаларына кесті. Бұл тек басты нацистік және соғыс қылмыскерлеріне қолданылған жаза болмады. Ол нацизм мен фашизмді халықаралық жұртшылық тарапынан айыптау болып табылды.Бұл Еуропаны фашизмнен тазарту процесінің бастамасы болды. Германияда соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда соғыс және нацистік қылмыскерлердің үстінен 2 млн астам сот істері жүргізілді , әкімгершілік аппараты, сот және білім беру жүйелеррі олардын тазартылды.
Кішкентай Бельгияның өзінде азат етілгеннен кейін басқыншыларымен ынтымақтастық жөнінде 600 мыңнан астам іс қаралып , 80 мыңға жуық үкім шығарылды.
Францияда одан да қатал шаралар қолданылды: қоллаборационистерге 120 мыңнан астам үкім шығарылды, олардың мыңға жуығы өлім жазасына кесу туралы болды. Виши режимінің басшысы Лаваль өлім жазасына , ал Петэн өмір бойы түрмеде отыруға кесілді .
Голландияда немістермен ынтымақтыстықтары үшін қамалғандардың үстінен 150 мыңнан астам қылмысты істері қаралды.
Бірақ тазарту әртүрлі елдерде бірдей дәйекті жүргізілмейді.Мыңдаған нацистер , коллаборационистер жазадан құтылып қана қоймай, әкімгершіліктерде , соттарда , ағарту жүйесінде өз орындарын сақтап қалды.
Көптеген соғыс қылмыскерлері Латын Америкасы елдеріне паналады. Бірақ осылардың барлығына қарамастан , Еуропада тәубеге келу және фашимз зұлымдықтарынан арылу процесі басталда.
Достарыңызбен бөлісу: |