19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Германияға байланысты реттеу



бет116/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Германияға байланысты реттеу. Одақтастардың Германияға байланысты шешімдері елді ұзақ уақыт оққупациялау және одақтың бақылау орнатуды қарастырған болатын. Бақылаудың мақсаты: «Герман милитаризмі мен нацизмі жойылады, одақтастар бір-бірімен келісе отырып, қазіргі уақытта және келешекте Германия ешқашан да өздерінің көршілеріне немесе дүниежүзінде бейбітшілік сақтау ісіне қауіп төндірмеуі үшін қажетті шаралардың барлығын қолданады» деген шешімді бақылау және іске асыру болды.

Германияның территориясы оккупациялық аймақтарға бөлінді . Шығыс аймақ КСРО-ның әскери әкімшілігінің бақылауында болды да, үш батыс аймақты тиісінше АҚШ, Ұлыбритания және Францияның оккупациялық билік органдары бақылады. Берлин төрт аймаққа бөлінді.

Төрт елдің қарулы күштерінің бас қолбасшылары Бақылау кеңесінің мүшелері болды. Кеңес Германияны оккупациялау мақсаттарын іске асыруда негізгі саяси және экономикалық қағидаларды басшылыққа алуы керек болды , олар: Германияны толық қарусыздандыру және демократияландыру, оның соғыс өндірісін жою, национал –социалистік партия мен барлық нацистік мекемелерді және кез-келген нацистік үгіт-насихатты жою; соғыс қылмыскерлері тұтқынға алынып, сотқа берілуге тиіс, нацистік басшылар және нацистік мекемелердің басшылық құрамдары қамауға алынып, бейтараптандырулары керек, нацистік партияның мушелері қоғамдық және жартылай қоғамдық қызметтерден кетірулері және маңызды жекеменшік кәсіпорындардағы тиісті орындарынан алынулары керек.Одақтастар экономикалық күштердің картельдер , миндикаттар , тресттер түрінде шектеп тыс шоғырлануын жою мақсатымен герман экономикасын орталықсыздандыру туралы келісті. «Соғыс кауіпсіздігін сақтау қажеттілігін» ескере отырып, сөз, баспасөз және дін, еркін кәсіподақтар құру бостандықтарына рұқсат берілген болды.

Сайып келгенде, одақтастардың Германия жөніндегі саясаты оны нациссіздендіру, демократиялау және картелсіздендіруді қарастырды.

Оккупациялық биліктер Германияның біртұтас демократиялық дамуына жағдай жасады деп ойластырылған болатын. Бірақ Германияның шығыс және батыс аймақтарға бөлінуі олардың арасынан екі қарама-қарсы жүйенің шекараларының өтуіне байланысты көп жылдарға созылды.

1949 ж. оның территориясында екі мемлекет: батыс аймақтарда Германия Федеративтік Республикасы және шығыс аймақта Герман Демократиялық Республикасы пайда болды. Сөйтіп, Германиямен бітім шарты жасалынбады және екі жүйенің қақтығыстары екі герман мемлекетінің шекаралары бойынша өтіп жатты. Тек 1991 ж. Германияның бірігуіне байланысты оккупация да, Германияға байланысты төрт жақты келісім де өз күштерін жойды.

Австриямен бітім шары туралы мәселе. Австриямен бітім шарты туралы мәселесі созылып кетті. Оған себеп екі ірі мемлекеттің теке-терісі болды. КСРО Австрия бейтараптық сақтап, ешкандай әскери-саяси одақтарға қосылмасын деген талап қойды. Мұндай келісім және Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Германияның Австрияны күштеп қосыпалуына жол бермеу туралы бап бітім шартына да, Австрия конституциясына да жазылды. 1955 ж. бұл теке тірестің бітім шартына қол қоюмен аяқталуына мүмкіндік береді.

Жапониямен бітім шарты туралы мәселе. Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі Қиыр Шығыстағы бейбіт реттеу болды. 1945 ж. 2 қыркүйекте Жапония тізе бүккеннен кейін оны американ әскерлері оккупациялап алды да, елдегі бар билік оккупациялық әкімшіліктің басшысы генерал Макартурдың қолына көшті. Тек жыл аяғында ғана 11 елдің өкілдерінен Қиыр Шығыс коммиссиясы жіне КСРО, АҚШ Ұлыбритания және Қытай өкілдерінен тұратын Одақтастық кеңес құрылды.

КСРО мен АҚШ арасындағы Жапонияның соғыстан кейінгі құрылысы жөніндегі қайшылықтар өте қатты болды. АҚШ КСРО-ның және басқа да мүдделі елдердің, оның ішінде революцияның жеңісінің нәтижесінде 1949 ж. қазанында құрылған Қытай Халық Республикасының қатысуынсыз сепаративтік бітім шартын дайындауға кірісті.

1951 ж. қыркүйекте Сан-Францискода Жапониямен бітім шартын жасасу жөніндегі конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар КСРО делегациясы және басқа да бірсыпыра қатысушылар енгізген түзету мен толықтыруларға құлақ аспады. КСРО территориялық реттеу мәселелері туралы анық тұжырымдаулардың жасалуын, Жапониядан шетел әскерлерін әкету жөніндегі баптың қабылдануын, Жапонияға соғыс одақтарына мүше болуға тиым салуды талап етті. Бірақ КСРО делегациясы мен конференцияға қатысушы басқа да мемлекет өкілдерінің түзетулері мен толықтырулары ескерілмеді. КСРО, Польша және Чехословакия шартқа қосылудан бас тартты. КСРО мен Жапония арасында бітім туралы шарт жасасу мәселесі бірінші тарағанға дейін шешілмей қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет