19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет10/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Радикалдар билік басында. 1902 жылы парламент сайлауында антиклерикалдық және әлеуметтік реформалар өткізуге, оның ішінде зейнетақы мен 8 сағаттық жұмыс күні туралы заң қабылдауға уәде берген радикалдар мен социалистерден тұратын солшыл одақ жеңіске жетті.

1902-1905 жж. радикалдар парламент арқылы шіркеуді мемлекеттен және мектептен бөлетін бірсыпыра заңдар өткізді, ұждан бостандығы мен барлық діндердің теңдігі сақталып қалынды, бірақ мемлекет олардың ешқайсысын да қолдап, қаржыландырудан бас тартты. Мемлекеттік мектептерде дін сабақтарын өтуге тыйым салынды, бірақ дінге сенетіндердің балалары мектептен тыс діни сабақтарға баруға ерікті болды.

Радикалдар уәде еткен басқа реформалардың іске асырылуын тежеуілдетті, тек 1910 ж. ғана Францияда зейнетақы туралы заң қабылданып, оған байланысты қарттық бойынша зейнетақы 65 жастан кейін төленетін болыды.

Сыртқы саясат. ХХғ. Франция Германияға қарсы бірлесіп күресу мақсатымен Англиямен жақындасу бағытын ұстанды. 1904 ж. Солтүстік Африка мен Қиыр Шығыстағы территориялық талаптарды өзара реттестіру жөніндегі ағылшын-француз келісімі жасалды, ол «шын жүректен жасалған келісім» («Антант кордиаль») деген атты иеленіп, ағылшын-француз одағын құрудағы алғашқы қадам болды.

Осы келісімге арқа сүйеп, Франция 1912 ж. Африканың Солтүстік-Батысында орналасқан пайдалы қазбаларға аса бай ел – Марокконы басып алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет