Антифашистік одақ. Біріккен Ұлттар. Германия мен оның одақтастарының КСРО-ға шабуылы, одан соң Жапониянының АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы басқынышылығы фашист басқыншыларына қарсы күресіп жатқан барлық кұштердің біртұтас антифашистік одаққа бірігуіне алып келеді. Оның маңызды құжаты Черчилль мен Рузвельтттің 1942 ж. тамызында Канаданың Атлантикалық жағалауында кездесу кезінде қол қойысқан Атлантика хартиясы болды. Атлантикалық хартияда АҚШ-пен Ұлыбританияның “ешқандай территориялық немесе басқа да жауып алушылыққа ұмтылмайтындығы және барлық халықтардың өздері өмір сүргісі келетін басқару түрін таңдап алуға құқылы екндігі” туралы айтылды. Ұлыбритания мен АҚШ “нацистік теранияны түпкілікті құртканнан кейін” олар жұрттың брлығы “ешқандай қорқынышсыз, жоқшылық көрмей өмір сүретіндей” дүние құруға үміттенетіндігін жарияланды. Ол үшін басқынышыны қарусыздандыру жәнне жалпыға бірдей қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру, ал келешекте “күш қолданудын бас тарту” қажет деді. КСРО Атлантика хартиясына қосылды. 1941 ж. шілдеде Германияға қарсы бірлесіп қимылдай жөнінде ағылшын кеңес келісіміне қол қойды. Президент Рузвельт ленд-лиз туралы заңның күшін Кеңес Одағына да тартты, сөйтіп, Кеңес Одағына американ қару-жарақтары мен құрал-жабдықтары келе бастады.
1942 ж. 26 тамызда Лондонда “Гитлерлік Германия мен оның Еуропадағы сыбайластарына қарсы соғыста одақтастық және соғыстан кейінгі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы ” 20 жылға келісімге қол қойылады. 1942 ж. 11 маусымда Вашингтонда өзара көмек туралы кеңес-американ келісіміне қол қойылды.
Ұлы үш мемлекеттің-КСРО-ның, Ұлыбританияның және АҚШ-тың әскери-саяси одағы құрылды. Фашизимге қарсы мемлекеттердің бірігуіне басты себеп, олардың басқыншыларға қарсы күресте күш біріктірулерінің қажеттілігі еді. Кеңестік режимді сынап, оның дүние жүзіне таралу қаупінен сескенгендіктеріне қарамастан, Рузвельт пен Черчилль КСРО мен ынтымақтасу ауадай қажет деп есептеді. Бірақ одаққа енген елдердің арасында олардың әлуметтік-экономкалық және саяси сипаттарының ерекшеліктеріне және соғыстан кейінгі жоспарына байлыннысты терең қарама-қайшылықтар бар еді.
Одақтастар арасында көп уақыт бойына талас туғызып келген мәселе екінші майдынның ашылуы жайында болды. Фашистік Германияның Европадағы негізгі күштері өзіне қарсы тұрған Кеңес Одағы Англиямен АҚШ-тан Еуропада тезірек екінші майдан ашуды, соғыс қимылдарын Герианияға төте жолы бар Франциядан бастауда табанды түрде талап етті. Бірақ АҚШ пен Англияның үкіметтері күштерінің жетімсіздігін сылтау етіп, Еуропада екінші майдан ашу туралы мәселені кейінге қалдырып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |