1911-1912 жж. Синьхай революциясы. Маньчжур әулетін тақтан тайдырғанымен, Қытайды демократияландыру және орталық биліктің қоластына біріктіру міндеттерін шешкен жоқ.
1908 ж. Жастүріктер революциясы жартылай болды да, Түркияда конституциялық монархия орнатумен қанағаттанды.
1905-1911 жж. Иран буржуазиялық революциясы шахты тақтан құлатты, конституция қабылдатты және сайланатын мәжіліс тағайындатты, бірақ ұзамай ағылшын-орыс басқыншылары қолдау көрсеткен контрреволюциялық төңкерістің нәтижесінде жеңіліс тапты.