1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?


Н.Ә.Назарбаевтың интеграциялық бастамалары. Еразиялық Одақтың құрылуының тарихи маңызы қандай? Баға беріңіз



бет22/25
Дата08.09.2024
өлшемі112,03 Kb.
#203929
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
экзамены

Н.Ә.Назарбаевтың интеграциялық бастамалары. Еразиялық Одақтың құрылуының тарихи маңызы қандай? Баға беріңіз? 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағына кіретін елдер тәуелсіздік алғаннан кейін оларды ортақ идеяға біріктіретін жаңашыл бастама керек болды. Ақиқатында, бұрын экономикасы тамырланып қалған елдер бір-бірінсіз өмір сүре алмайтыны бәсенеден белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі үш жыл посткеңестік елдерге қиын соқты. Экономика дамыған жоқ. Халықтың әл-ауқаты нашарлап кетті. Өндіріс тоқтады. Енді не істеу керек?
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Мәскеудің Ломоносов атыгдағы университетіне оқытушылар құрамы алдында сөйлеген сөзінде Еуразиялық Одақ құру бастамасын көтерді. Алғашында бұл мүлде орындалмайтын көрінген. Бірақ Елбасының жаңашылдығы барған сайын өміршең бола бастады. Нақтылай айтқанда, Назарбаев ұсынған
еуразиялық интеграция идеясы – көршілес мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығын белсенді түрде нығайту және оны одан ары дамыту екені бірден байқалды. Рас, алғашқы ұмтылыс 1991 жылы Кеңес одағына кіретін елдер тәуелсіздік алған тұста басталды. Дербес өмір сүруді қалаған елдер шашырап әр тарапқа кетпес үшін Назарбаев 1991 жылдың 16 желтоқсанында олардың барлығын Алматыға жинады. Сөйтіп, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында Алматыда Тәуелсіз мемлкеттер Достастығы құрылды. Ол шараға 9 мемлекеттің басшылары қатысып, келісімге қол қойды, кейіннен қалғандары қосылды. Одан кейінгі идея – Еуразиялық Одақ құру. Оның мақсаты– ең алдымен үзіліп қалған экономикалық байланыстарды қалпына келтіру Қазақстан президентінің Еуразия Одағы идеясын алға жылжыту оңайға түскен жоқ. Оған күмәнмен қарағандар да көп болды. Бастама 1994 жылы көтерілгенімен, бір нәрсе айқын еді. XXI ғасырда интеграциясыз өмір сүру мүмкін емес Елбасының Еуразиялық Одақ құру туралы ұсынысының мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыру. Теориялық тілмен айтқанда, Еуразиялық интеграция – бұл мүмкін болатын геосаяси апаттар мен әлеуметтік-саяси шұғыл өзгерістерге кепілдік.
Қазақстан Президентінің Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін – жаңашыл жоба екені рас. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды.
Бұл негізінен еуропалық Одақтың тәжірибесін зерттей келе туындаған үлкен жоба. Ол ТМД елдерінің экономикалық ықпалдастығын жақындастыратын бастама. Сондықтан бұл жерде о баста Қазақстан Президенті атап өткеніндей, ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдар құрылуы керек болды. Атап айтқанда, экономика, шикізат ресурстары жөніндегі комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк және тағы басқалар екенін айта кеткен жөн. Еуразиялық Одақ құру идеясының басында Қазақстан президенті тұрғанын мына бір тарихи дерек тағы айғақтап тұрғандай.
1994 жылы қазанда Мәскеудегі ТМД елдері басшыларының саммитінде мынандай қаулы қабылданды. «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы Н.Ә. Назарбаев ұсынысын терең және жете зерттеп, Достастық тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Кеңесі шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобасы назарға алынсын, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығында интеграциялық процесті тереңдету үшін Қазақстан республикасының ұсынысында көрсетілген негізгі идеялары пайдаланылсын».
Әрине, шешім қабылданғанымен, бұл жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше жыл уақыт керек болды. Бірақ күн өткен сайын интеграциялық байаныстың аса қажет екендігі айқындала бастады. 2000 жылдың 10 қазанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекет басшылары Астана қаласындағы кездесті. Сөйтіп Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру жөнінде келісімге қол қойды.. зір ЕАЭО -на мүше елдер арасында бірыңғай көлік кеңістігі құрылып, ортақ көлік қызметі нарығы жұмыс істей бастады. Президент Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы құрылып, ол халықаралық жобаға ұласты. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» қазір халықаралық «Бір белдеу, бір жол» жобасымен жалғасты. Еуразиялық экономикалық Одақ құрылғаннан кейін, Қазақстанда әлемдік ауқымды жоба «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі іске қосылды. Енді Пекин – Астана – Москва – Берлин «Евразия» бағыты да ЕАЭО -на мүше елдер арасындағы тауар тасымалы мен қарым-қатынасты бұрынғыдан жандандыратыны сөзсіз.
ТҮЙІН: 1994 жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы университеттің оқытушылар құрамының алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген идеясы жүзеге асты және барған сайың өміршең болып келе жатыр. Өйткені жиырма бірінші ғасырда интеграциясыз өмір сүру мүмкін емес.Бұл айқын әрі анық нәрсе.
28

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет