1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?



бет1/25
Дата08.09.2024
өлшемі112,03 Kb.
#203929
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
экзамены


1 1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?
1991 жылы 19 тамызда КСРО Үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевті денсаулығына байлынысты қызметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады. Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) құрылды. Қырымда демалып жатқан М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болатын. Бұл жағдай Одақ құрамындағы республикалардан бөлек әлем мемлекеттерінің де алаңдаушылығын туғызды. Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-дағы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Еуропа экономикалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мәлімдеді. Ал, Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Мәскеудегі тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әртүрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық-саяси ұйымдар ТЖМК-ны айыптады.1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. Әйсте де, 1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. Алайда, тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездете түсті. «1991 жылдың тамызынан кейін, «процесс», шынында да, құйындай «жүйтки» жөнелді. Халық депутататары Съезін кезектен тыс шақыруға әзірлік басталды. 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-нің Саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты. 29 тамыз Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім — Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі шешімге алғаш қол қойған сәті, әрі егемендік алып үлгермеген Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі сайлаған Президенттің әлемді деңгейдегі алғашқы ірі шешімі болатын.1 желтоқсан Республикадағы жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 98,8 пайызбен ел тұрғындарының қолдауына ие болып, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды. 8 желтоқсан Минск қаласында Беларусь Республикасы, РКФСР, Украина Тәуелсіз достық одағын құру туралы келісімге қол қойды. Онда Бірегей экономикалық кеңістікті сақтау мәселесі қаралып, Экономикалық қоғамдастық туралы шарт жасасу туралы келісім жасалды. «Біз Беларусь, Ресей, Украина 1922 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы, яғни КСРО-ның құрылтайшылары болған мемлекеттер ретінде КСРО-ы халықаралық право субьектісі ретінде және геосаяси ақиқат тұрғысында өзінің өмір сүруін тоқтатқанын атап көрсетеміз» деп жазылған келісімінің кіріспесінде. Бұра тартқан саясатты көздейтін бұл басқосу – ел аузында «Славян одағы» деген атқа ие болды.16 желтоқсан ҚР Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды. Дәл осы күні Түркия, Румыния, Ресей, Қытай мемлекеттері еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Ал, 1991 жылдың 31 желтоқсанына дейін әлемнің 18 мемлекеті Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап үлгерген еді. 21 желтоқсан Алматыда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Молдовия, Армения, Әзірбайжан елдерінің басшылары бас қосты. Грузия оған бақылаушы ретінде қатысты. Алматыдағы Достық үйінде 11 республиканың басшылары, «КСРО-ның іс жүзінде өмір сүруін тоқтатуы және егеменді мемлекеттердің құрылуы» жөніндегі құжаттарға қол қойды. Сол кезден бастап, КСРО-ның ресми түрде құлауы аяқталды. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды. Бұл оқиға туралы 1991 жылдың 27 желтоқсан күні «Қазақ әдебиеті» газетінде «КСРО-ның «жаназасын» Алматыда шығарды» деген мақалада «Тәтті де ащы, қиын да қызықты өмір басталайын деп тұр. Тәтті болатын себебі ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің дәмін таттық; ащы болатын себебі «отау үйден», оның өзінде де кетеуі кеткен, кедейліктен ыңыршағы айналып кеткен «үйден» бөлек шығу оңай емес, әрі сол «үлкен үй» жылдар бойы жиған-тергенді бауырына басып иемденіп алса қаз тұруымызға қастандық жасағанмен бірдей-ау. Алпыс тоғыз жылдан бері арығын білдірмей, жүнін сыртқа қампайтып келген, мызғымайды деп сенген Одақтың ойраны шықты, демек КСРО-ның «жаназасы» Қазақ елінің астанасы Алматыда шығарылды. Бүкіл әлемнің назары бір сәт Алматыға ауды. Тәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастығына кірген он бір республиканың мәміле жиыны Қазақстанда өтуінің де біле-білген адамға ұлан-ғайыр тарихи мәні, таудай беделі бар», – деп жазды.
2

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет