Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайына тоқталып өтіңіз? XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті.
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.
ІІ Деңгей
Елбасының «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қандай мәселелер қаралған және оған сіздің көзқарасыңыз қандай?
32 Тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларға сіздің көзқарасыңыз?
33 Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз қандай жұмыстарды қолға алуымыз керек?
34 Қазақстан Республикасының денсаулық саласында жүргізіліп жатқан реформаларға талдау жасаңыз?
35 Жаңа Қазақстандық патриотизм қандай болу керек және оған сіздің көзқарасыңыз қандай?
36 Қазақстан Республикасының мұнай мен газ стратегиялық салаларының дамуына сіздің көзқарасыңыз қандай?
37 Денсаулық сақтау саласын реформалаудың жетістіктері мен кемшіліктерін анықта?
38 Үкіметтік емес ұйымдар дегеніміз не және олардың атқаратын қызметтері қандай?
39 Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы және онда қандай өзгерістер мен ғылыми қағидалар енгізілген?
40 Қазақстанның ядролық қарусыз аймаққа айналу жолының жақсы және нашар жақтарын анықтаңыз?
41 Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға кірді және оның маңызы қандай?
42 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикасын дамытудағы атқарған қызметіне баға беріңіз?
43 Қазақстанның Ресей және Беларусь елдерімен Кедендік Одаққа кіруінің маңызын анықта?
44 Қазақстанның Ресей Федерациясымен халықаралық қарым-қатынасы қандай болу керек. Өз ұстанымдарыңызды мысалдармен негіздеңіз?
45 Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы ерекшеліктерді талдаңыз?
46 Тәуелсіз Қазақстанның Конституцияларын қабылдау және айырмашылықтары мен ұқсастықтарын мысалдар арқылы көрсетіңіз?
47 Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз?
48 Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050 – қалыптасқан мемлекеттің жаңа стратегиялық бағыты» атты жолдауында қандай негізгі мәселелерге тоқталады?
49 Екі палаталы парламент және оның атқаратын қызметі мен рөлі қандай болу керек деп ойлайсыз?
50 Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен білім беру саласының дамуына көзқарасың қандай?
51 Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы ретіндегі атқарған жұмыстарына баға беріңіз?
52 Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымының төрағасы ретіндегі атқарған жұмыстарына баға беріңіз?
53 Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар және олардың ең маңыздысын атаңыз?
54 Елбасы жолдауларында Қазақстан халқының әл-ауқаты мен тұрмысы жайлы не айтылған?
55 Әлемдегі қаржылық дағдарыс дегеніміз не және оның Қазақстанға әсері қандай?
56 “Мәдени мұра”мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызына баға беріңіз?
57 Қазақстан халықтар ассамблеясының атқаратын қызметі мен рөлі қандай болу керек деп ойлайсыз?
58 Астананың Ақмола қаласына көшірілуінің бірнеше себептерін анықта және тарихи маңызы қандай?
59 Тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсіп саласы және олардың ең маңыздысын атаңыз?
60 Ұлттық банктің атқаратын қызметі мен банктер саласындағы реформаларға талдау жасаңыз?
ІІІ Деңгей
61 Көпвекторлы саясат дегеніміз не және оған сіздің көзқарасыңыз қандай?
62 Еліміздің мәдениет саласына енгізілген өзгерістерге өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
63 Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы және онда айтылған негізгі мәселелерді талдаңыз?
64 Бірінші және Екінші деңгейлі банктер дегеніміз не және олардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта?
65 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта?
66 Тәуелсіз ұйымдардың, партиялардың және қозғалыстардың қызметі мен бағдарламаларын салыстыр?
67 Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздік жүйесінде жүргізілген реформаларға талдау жүргіз?
68 ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығында айқындалған мәселелерді талдаңыз?
69 Бір партиялық жүйе мен көппартиялық жүйенің атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта?
70 Елбасы жолдауындағы «Қазақстан 2030» даму стратегиясы мен «Қазақстан 2050 – қалыптасқан мемлекеттің жаңа стратегиялық бағытын салыстыр?
71 Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінде қабылданған шешімдерді салыстыр және маңызын анықта?
72 Кеңестік кезеңдегі «Коммунистік партия» мен «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықта?
73 Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы мен жаңа конституциясының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта және салыстыр?
74 Сіздің ойыңызша Қазақстанның Түрік тектес елдермен қарым -қатынасы қандай болуы керек?
75 Дүние жүзі қазақтарының құрылтайларында қабылданған шешімдерді салыстыр және маңызын анықта?
76 Еліміздің сыртқы саяси басымдықтары айқындалған Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларына баға беріңіз?
77 ҚР сыртқы саясатының дамуының екінші кезеңіне талдау жүргізіңіз?
78 ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығында қандай мәселелер айқындалды?
79 ҚР сыртқы саясат тұжырымдамасында Қазақстанның сыртқы саясатының түйінді мақсаттарына баға беріңіз?
80 Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы және жүргізіп отырған саясатына баға беріңіз?
81 1999 жылы 5 мамырда үш мемлекеттің арасындағы мемлекеттік шекараларының түйісетін межесін айқындау туралы келісімнің маңызын анықтаңыз?
82 «Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам жасайық» атты Н.Ә. Назарбаевтың бастамасының Кеден Одағы елдері арасында практикалық тұрғыдан жүзеге асқан тұстарын анықтаңыз?
83 Кеден Одағын құрудағы басты мақсаттарды анықтаңыз?
84 Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-қатынастарына баға беріңіз?
85 1996 жылы Банкокте болған Азия-Еуропа (АСЕМ) саммитінде басты қаралған мәселелерге баға беріңіз?
86 АҚШ пен Қазақстан арасындағы «Сапфир» бірлескен жобасының мәнін анықтаңыз?
87 1994 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қойылды. Бұл хартияның маңызын анықтаңыз?
88 Қазақстан Республикасының жалпыеуропалық институттармен ынтымақтастығымен даму жолдарына талдау жүргізіңіз?
89 Қытай мен Қазақстан арасында «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын (ХШЫО) құру туралы келісімнің маңызын анықтаңыз?
90 Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынған халықаралық негізгі бастамаларына талдау жасаңыз?