1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 16 желтоқсан 1991 жылғы Конституциялық Заңы



бет12/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
7.«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 16 желтоқсан 1991 жылғы Конституциялық Заңы.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.  Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты. 

Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық база болды. 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды. 

«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады». 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады. 

Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады. 

АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі—ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.


Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 16 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді. Еліміздегі аса өзекті әрі кезек күттірмес басты мәселеміздің бір болып саналатын — тіл саясатын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз парасатты байыптылық танытып жүргізіп келе жатырмыз. Дегенмен, Қазақстан халқы мынаны түсінулері керек: қазақ тілі осы мемлекеттің негізгі қолданыс тілі. Бұл тіл осы мемлекеттен басқа ешбір елде дами алмайды, бұл тілдің басқа Отаны жоқ. Мемлекеттік саясатта бұл тілге алдағы уақытта да басымдылық беріледі. Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін әрбір азамат бұл тілді білуге міндетті. Тіпті қазақстандық патриотизм бізді осыған жетелеуі қажет.

Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады.

Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым—қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет