1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясының мәні ( 5 наурыз 2018 ж.)



бет36/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

29.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясының мәні ( 5 наурыз 2018 ж.).

29. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты.



І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ

Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.

Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз.

Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын.

Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.

Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. 

Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек.

Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы  ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.

Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін.

Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек.

Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет