1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Қазақстан Республикасының негізгі Заңын қабылдау – 1993 ж., 1995 жж. ҚР Конституциялары



бет76/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
43.Қазақстан Республикасының негізгі Заңын қабылдау – 1993 ж., 1995 жж. ҚР Конституциялары.

Конституциялық комиссия дайындаған Конституция жобасы Жоғарғы Кеңестің депутаттары тарапынан бірнеше күн бойынша жұртшылықтың алдында (талқылаулар теледидар арқылы бүкіл елге көрсетілді) талқыланғаннан кейін 1992 жылы 2 маусымда бірінші оқылымында қабылданды. Бір аптадан кейін жоба халықтың талқылауы үшін республикалық және облыстық газеттерде жарияланды. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 1992 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жеке дауыс беру жолы арқылы көпшіліктің даусымен Қазақстан республикасының алғашқы Ата Заңын қыбалдады (1 адам қалыс қалды, 2 адам қарсы дауыс берді). 1993 жылғы Конституция Қазақ КСР-ның демократиялық өркениетті мемлекетке көшуінің қажет екендігін көрсетті. 1993 Конституция ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік-басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды.

1995 жылы көктемде жаңа конституцияны дайындау жұмыстары басталды. Еліміздің заңгерлеріне заман талаптарына жауап беретін жаңа конституция жобасын дайындау міндеті қойылды. Құқықтанушылар мен заңгерлерден құралған команданың құқықтық мемлекеттің саяси жүйесін жаңғырту үшін негіз бола алатын конституцияның тиімді жобасын дайындау жұмыстары күтіп тұрған еді. Құрамына қазақстандық құқықтанушылардан басқа екі француз саясаткері-де кірген Сараптамалық-консультативтік кеңес конституцияның алғашқы нұсқасын сараптау нәтижесінде оған елеулі өзгерістер жасады. Жобаға жасалған пысықтаулардың нәтижесінде конституция мемлекет басшысына маңызды өкілеттіктер беретін деголлдік президенттік республиканы бекітті. 1995 жылы 30 тамызда «Жобасы 1 тамыздағы басылымдарда жарияланған Қазақстан Рсепубликасының жаңа конституциясын қабылдайсыз ба?» сұрағы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізілді. 1995 жылы өткізілген дауыс беру нәтижесі бойынша, қатысушылардың 89 пайызы жаң Конституция үшін дауыс берді. Конституцияның негізін Жалпыға ортақ адам құқықтары жөніндегі декларацияда, Экономикалық, әлеуметтік, және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде бекітілген құқықтық ережелер құрады. Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған. Жаңа Конституция мемлекеттіктің табиғаты жөніндегі мәселелерді түбегейлі шешті. Биліктің бірден-бір көзі болып Қазақстанның халқы танылды. Қолданыстағы Конституцияда алғашқы рет «Қазақстан — ежелден келе жатқан қазақ жерінде оның халқы тарапынан құрылған мемлекет» екендігі бекітілді. Осы көзқарастың арқасында ұлттық мемлекет идеясы азаматтық қоғамды құруға және мемлекеттік механизмнің тиімді жұмыс істей бастауына мүмкіндік берді. 1995 жылдың Конституциясы мемлекеттің президенттік басқару жүйесіне өтуін заң бойынша бекітті, осыған орай Қазақстандағы билік өкілеттіктерін бөлу схемасы түбегейлі түрде өзгеріске ұшырады. Бұл схема бойынша президенттік билік айтарлықтай күшейді, мұның әсерін билік өкілеттіктерінің орталықтандырылуынан көруге болады. Конституцияға тағы бір жаңалық енгізілді. Бұдан былай жергілікті өкілдік етуші және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруға қарайтын болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет