1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Қазақстан Республикасы Президентін тұңғыш бүкілхалықтық сайлау



бет73/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
40.Қазақстан Республикасы Президентін тұңғыш бүкілхалықтық сайлау.

Егемендіктің елең-алаңындағы 1991 жылдың әрбір күні ұлт тарихындағы аса маңызды парақтармен қатталғаны белгілі. Әсіресе 1991 жылдың желтоқсан айы қазақ үшін тарихи сәттерді бастан кешті. Соның ішінде үлкен өзгеріске бастаған қадам ретінде 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күнін айтуға әбден болады. Бұл күн - қазақ халқының алғаш рет еркін білдіріп, өз билігін өзі таңдап, дербестігін демократиялық сайлау арқылы мақұлдаған күн. Расында да дәл осы күні Қазақстан тарихында алғаш рет нағыз демократияға сәйкесетін бүкілхалықтық сайлау өтті, халық өзінің болашағын, мемлекеттің болашағын Президентке сеніп тапсыра алатынын алғаш рет сезінді. Осылайша, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тарихында жаңа қоғамдық-саяси кезеңге қадам жасалды. Сайлау нәтижесі де Қазақстанның Тәуелсіздікті жариялауын күн тәртібінің кезекті маңызды мәселесі ретінде шығарды. Яғни, Тәуелсіздік тарихындағы ең шешуші қадамның бірі - Тұңғыш Президент сайлауы еді. Айта кетерлігі, Президент лауазымына үміткер ретінде сайлауға 3 кандидат ниет білдірген болатын. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Хасен Қожа-Ахмет. Кейіннен сайлау күніне аз қалғанда ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынын мәлімдеп, сайлаудан өз кандидатурасын алып тастады. Ал Хасен Қожа-Ахмет өзін қолдайтын сайлаушылардың ең төменгі шегін жинай алмай, Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеуден бас тартты. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде бірден-бір кандидат болып шықты.(98.7%)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет