1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты. Үштілділік және криллицадан латын әрпіне көшу мәселесі



бет75/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

42.Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты. Үштілділік және криллицадан латын әрпіне көшу мәселесі.

Қазақ халқы өз елінің шапшаң дамып келе жатқанын ана тілінің даму деңгейінен көргісі келеді. Әрине, бұл салада жеткен меже мәз емес.Оны сол тілді туғызған халықтың өзі бағалап отыр. Елбасы мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму стратегиясының іргетасын қалап берді, әлбетте, стратегия үш тұғырға қонуы шарт. Олар: басқару, ұйымдастыру, ақпарат. Тілдік даму стратегиясы саяси жаңару тұрғысында орын алуы тиіс. Елбасы мемлекеттік, саяси, қоғамдық институттарға тапсырыс беріп отыр деп түсіну керек. Қазіргі таңда біртілділікке апаратын орыстандыру саясаты жойылған, Қазақстанда тіл егемендігі пайда болып, керітартпа саясат орнына игілікті сипаттағы тіл саясаты алға шықты. Орыстілді өзге ұлт өкілдері жергілікті халықтың тіліне мән бере бастады. Қазақстанның тілдік саясаты- мемлекеттік тілді көптілді Қазақстанның ортақ тіліне айналдыру. Мұндағы мақсат не? Мақсат сол- қазақ деген мемлекет құрған, әрі елдегі көпшілік болып табылатын халықты халық етіп қалыптастырған тілді қазақтың өзінің, қала берді, өзге ұлыстардың, елдің игілігіне айналдыру. Елбасы қазақ тілінің болашағына сенеді. «Үштұғырлы тіл саясаты» негізінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін дамыту мәселесі көтерілгелі, мемлекеттік тілдің дамуына нұқсан келетін болды деп уайымдайтындар да баршылық. Дегенмен, Елбасының өзі : «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деп ескертті. Ал, көпұлтты мемлекет ретінде орыс тілінің дамуы Қазақстанды мекендеген әр ұлт өкілдерінің арасындағы қарым- қатынас тілі ретінде, сыртқы саясатта, көршілермен байланыста аса маңызға ие. Тағы бір маңызды мәселе, ол- 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады деген мәселе. Бұл міндет былтырғы жылғы Жолдауда көрсетілген тапсырмалардан бастау алып отыр. Сол мақсаттар күшінде дегенді білдіреді. Былтырғы Жолдауында: «Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін жасап жатырмыз»,- деген болатын. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш- жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет»,- деп тіл дамыту мәселесінің маңызын аша отырып, Үкіметке арнайы бағдарлама жасау жөнінде тапсырма берген еді. Осы тапсырманы орындау мақсатында былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен тіл комитеті дайындаған Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2011 жылғы 29 маусымда ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру туралы № 110 Жарлығы шығып, осы бағдарламаны іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс- шаралар жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 шілдедегі № 878 қаулысы шыққан. Қазіргі таңда негізгі тіл саясаты осы бағдарлама аясында жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет