Тәуекелді басқару дегеніміз – тәуекел факторларын бейтараптандыру (нейтрализациялау) және талдау әдістерінің жиынтығы. Тәуекелді басқаруды кәсіпкердің қабылдаған шешімдерін іске асыру барысында болуы мүмкін теріс салдарларды азайту және қате шешім қабылдау қаупін төмендету мақсатын көздейтін іс-шараларды дайындау және іске асыру үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөлуге болады:
1.мақсатты анықтау.
2.тәуекелді айқындау.
3.тәуекелді бағалау.
4.тәуекелді басқару әдістерін таңдау.
5.таңдалған әдістң қолдану.
6.нәтижелерді бағалау.
Кәсіпкерлік қызметте қолданылатын тәуекелді басқару әдістерін 4 топқа белуге болады:
1. Тәуекелден бас тарту әдісі.
2. Тәуекелді локализациялау әдісі.
3. Тәуекелді әртараптандыру әдісі.
4. Тәуекелді компенсациялау әдісі.
Тәуекелден бас тарту әдісі Тәуекелден бас тарту әдісі тәуекелді басқару өдістерінің ішінде ең кең тарған түрі. Мұндай жағдайда компания менеджері:
- сенімді емес серіктестер мен клиенттерден бас тартады;
- белгісіз немесе күмән келтіретін компаниялар қызметінен
бас тартады;
- жоғары тәуекелді инновациялық жобалардан бас тартады;
- тәуекелді сақтандырады, көбінесе таза тәуекелдерді;
- тәуекелді аудару мақсатында гарант іздейді;
- компанияның біліксіз қызметкерлерін жұмыстан босатады
және т.с.с.
Тәуекелді локализациялау әдісі Тәуекелдің туындау көздері белгілі болған жағдайда қолданылатын әдіс. Тәуекелі жоғары инновациялық жоба құруда көп қолданылады.
Тәуекелді локализациялау венчурлы кәсіпорындарды құру, кәсіпорын ішінде арнайы бөлімдерді құруды және ішкі нормативтер бойынша шараларды қамтиды:
- венчурлық компанияларды құру тәуекелі жоғары жобаларды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі, яғни жоба бойынша тәуекелді басқару жаңадан құрылған автономды компанияға жүктеледі;
- кәсіпорын ішінде арнайы бөлімдерді құрк жағдайында кәсіпорын құрылымында жеке заңды тұлғаның орнына арнайы мамандандырылған бөлім құрылады;
- ішкі нормативтерді қолдану кәсіпорынның кауіпті қызмет түрлеріне шектеу қоюға бағытталған кәсіпорынның қаржылық қызметін немесе нақты қаржылық операциялардың бағдарламасын дайындау барысында компания ішінде белгілі бір нормативтерді қабылдау жалпы тәуекелдерді төмендетуге септігін тигізеді.