1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектепке дейінгі педагогика идеясының пайда болуы және дамуы



бет49/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ
гос 1 ЖАУАПТАРЫ, 02.02.21 МТ-20-9 География 2, спирт досым, уй жумыс
23.Мектепке дейінгі педагогика идеясының пайда болуы және дамуы

Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы 17 ғасырға жатады. Бұл кезде чехтың ұлы педагогы Ян Амос Каменский мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады.Я.А Каменский өз еңбектерінде бала тәрбиесі мен дамуынағы прогресшіл идеяларды басшылыққа алып,тәрбиеде баланың жеке басының дамуы мен ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеген.


Француздың атақты жазушысы,философы,аса ірі ағартушыларының бірі Жан-Жак Руссо тәрбиенің өзіндік теориясын жасаған.Ол феодалдық қоғам тудырған әлеуметтік әділетсіздікті,баланың жас және жеке даму ерекшеліктерін,қажеттерін ескерген тәрбиені қаттысынаған.Эмиль немесе тәрбие туралы еңбегінде бала дамуын жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу.әр кезеңдегі міндетін,мазмұнын,оқу-тәрбие әдістерін белгілеуге әрекет жасаған.Оның педагогикалық идеялары гуманизмге,демократизмге,Отанға деген сүйіспеншілікке,жан-жақты дамытуға толы еді.
Иоганг-Генрих Песталоцци Швейцариның ұлы демократ-педагогы.Ол да Жан-Жак Руссо тәрізді баланың табиғи дамуына ерекше орын берген.Бірақ ол адамды адал ететін тәрбие деген пікірге сенген.И.Г Песталоцци ана тілі, есеп, өлшеуші оқыту методикасын жасап,Аналар кітабын жазған И.Г Песталоцци тәрбиенің негізгі міндеті баланың адамгершілік қасиетін қалыптастыру деп санаған.Ол адамгершілікті өндірістегі еңбек тәрбиесімен ұштастыруды қажет деп тапқан.Бала тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда жанұяның,әсіресе ананың рөлін зор бағалаған.Тәрбие алғашқы күннен басталу қажет,сондықтан әр ананы тәрбие әдістерімен қаруландыру керек деген И.Г Песталоццидің педагогикасы мен философиясының ұсақ буржуазиялық мәні тәрбиенің таптық сипатын түсінбегендігінде болды.
Мектепке дейінгі педагогика ерекше ғылым ретінде 19 ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты.Оған себеп,біріншіден,балалар психологиясының дамып,өз алдына ғылым ордасы ретінде сараланып шығуы болса,екіншіден, мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарының ашылуы еді.Соның нәтижесінде бай тәжірибе инқталды.Сол тәжірибелерді талдап,жалпылап,қорытындылауда теоректиктердің көмегі бірден-бір қажет болды.
Мектепке дейінгі педагогикалық жеке ғылым саласы ретінде бөлінуінде неміс педагогы Фридрих Фребельдің еңбегі зор.1837ж. Ф.Фербель мектепке дейінгі мекеме ашып,оны-балабақша,тәрбиешіні-бағбан деп атаған.Алайда Ф.Фребель баланың дамуын немістің идеалистік философиясы тұрғысында ғана қарастырған.
Буржуазиялық педагогика Фребель ілімінің реакциялық жақтарын насихаттап,оның идеяларының динамистикалық жағын пайдланды.Орыс педагогтары К.Д.Ушинский,Н.И.Пирогов ,Н.Л.Толстой және басқалары Фребель бақшаларының құрғақ уағыздалып,балаға тфорчество мен қуаныш әкелмейтіндігі,шамадан тыс дидактизмі үшін сынаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет