1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет60/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156
Байланысты:
тарих сессия
2-бет Мазмұны, 1 darisbayan 3, Қазақстан тарихынан Мемлекеттік емтихан сұрақтары. doc (1), врПлан
Жерлеу ғұрпы: XV-XVIII ғғ. жерлеу ғұрыпы аралас болды: ислам дәстүрлерімен қатар “тәңірлік” салттарға да негізделді. Қазақтар о дүниелік өмірге сенді. Сондықтан өлген адамның моласына садақ, найза, ер, сүйікті атының басын бірге қойған: өлген адамның қасына ас-суын қалдырған.
Қайтыс болған адамның үйінде түнгі күзет дәстүрі жасалады. Келесі күні қайтыс болған адам отпен тазартылып, қыстақтың жанына жерленді. Хандарды Түркістанда, Қожа Ахмед Яссауи мешітінде жерлеген. Шалғай аудандарда қыс уақытында қайтыс болған адамды сөреге жатқызып қойып, тек күн көзі жылығанда ғана Түркістанға немесе қасиетті болып саналатын басқа жерге апарған.
Қазақтардың молаларының жер үсті құрылысы олардың әлеуметтік жағдайына байланысты қатаң жіктелді. XV-XVI ғасырларда іші кірпішпен жасалған молалармен қатар тас үйінділер де болды. Ертедегі дәстүр бойынша қайтқан адамды көпке дейін қайғырып, әйелдер бетін жыртты. Әйел, күйеуі қайтқаннан бастап, жылы өткенше басына қара орамал тағып жүрді. Егер ол бай адам болса оның өзі мінген атына қайғылы жабуылмен қаптап бір жылдан кейін шешеді. Аттың құйрығын кесіп, оны да жерлейді. Басын, тұяғын және аттың қылын иесінің моласына салады.
Дін және космогониялық түсінік.
Қазақстандағы үстем дін — ислам діні. Ислам дінінің басты орталары Түркістан, Хорезм және Бухара болды. Қазақтарда ислам діні терең етек алған жоқ, халықтары ислам догмаларынан алыс болып, ертедегі діни әдістерді орындап, тәңірлікке табынды. Ол ерте түркі кезеңінде бір құдайға сыйынуды ұйғарды. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. “тәңірлік” ислам дінімен қайшыласты. Ислам жазбаларына қарап қазақтар ата-баба рухына табынған, өздерінің әкелерінің мүсіндерін қолданған. Бұл мүсіндерді олар “бұттәңірі” деп атаған. Рузбихан былай деп жазған: “Қазақтар арасында кейбір сенбеушілік әдет-ғұрыптар таралған, оларда қандайда бір мүсіннің бейнесі болған, оны олар құрмет тұтады және оған бастарын иеді”.
Тілдің негізгі көрінісі кәміл сенушілікті өрбіткен мұсылман дінімен жалғасты. Мұхаммед Шейбани (XVI ғ.) ханға табынған. Бұхара шейхтарымен қазылары мынадай шешім қабылдаған. Бұл шешім бойынша қазақтар мүсінге табынушылар деп есептелінген яғни ислам дінінен безгендер. Олар ханға, қазақтарға қарсы қасиетті соғыс ашуды ұсынған және бүкіл адам мүсіндерін жоюды көздеді. Халықтар топтарының әлемдік көзқарасында XV-XVII ғ-ғы анимистикалық түсініктер үстемдік етті және табиғаттың тылсым күші, ежелгі мифологиялық негізгі сақталған көріністері, жалпы алғанда жақсылық пен жамандықтың қарсылығын мойындау.
Табиғи көріністерді рухтандыру мәселесіде анимизмнің маңызы болып табылады. Әрбір табиғат өзгерісіндегі жанның жаны болып соны басқарады деген түсінік қалыптасады. Қазақ мифологиясында ерте көктемдегі көк шөпті жұлуға болмайды деген ұғым адамдардың түсінігінде өмір өз жалғасын табады деп түсінік берген. Қазақтар жерге және суға табынған. Негізінен отқа табыну маңызды орын алған. Ертедегі қасиетті оттың “алас” деген аты сақталған. Қазақтардың нанымы бойынша от-үйдің, от басының қоршаушысы болған. Қалыңдық жаңа үлкен үйдің отбасына келген кезде отқа сиынып және отқа май құйып құрбан шалған. Қазақтарда отпен тазалану ғұрыпы ертеден сақталған. Бұл ғұрып қыстаудан жайлауға көшу кезінде жасалған. Қазақстанда мынадай сенім қалыптасқан. Олар қыстық қоныстарда адамдар үнемі күнәкар болады деген, өйткені бұл қоныстарда адамға зиян тигізетін күш (нечистая сила) болады деп сенген. Жайлау таза әрі бүлінбеген. Сондықтан ол жерге таза қалпында бару керек. Осыған байланысты көшу жолдарының басына екі үлкен от жағып арасынан адамдарды, қой отарын өткізген. Ал жылқылар тазартуға жатпаған. Себебі жылқыны қазақтар таза жануарлар деп есептеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет