1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар



бет57/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар жастар махаббатына арналады, онда айтылған салт-дәстүрлердің, халықтың ерекшеліктеріні сипаттау жағынан алатын орыны зор. Мәселен, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз”, “Назымбек”, “Сұлу шаш”, “Мақпал қыз” атты поэмалар соның айғағы.
Қазақтың лирикалық поэмасына айтарлықтай үлес қосқан шығыс халықтарының классикалық поэзиясы. Махаббат лирикасындағы әндер “Жүсіп пен Зылиха”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Боз жігіт”, “Сейфуль-Малик”, “Тахир мен Зухра”. Бұлар да қазақ халқында белгілі бір орын алған.
Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары да кең тамыр жайған: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, үзінділер, шешендік сөздер, сатира, юмор, лирикалық әндер (жырлар), тұрмыстық дастандар және т.б.
Музыкалық шығармашылық.
Еңбек көріністері, салт-дәстүр, халық ойындары және мерекелер – музыка әлемінде өздерінің көріністерін тапқан. Вокалды және инструменттік өнердің дамуы поэтикалық дәстүрдің дамуына, түп-тамырын жалғауға негіз болды. Қазақта және басқада халықтарда тек музыка мәдениетін қорғаушы, ұрпаққа жеткізуші аспап-саздармен орындаушы, солистік әншілер болды. Әрбір ақынның, әншінің баға жетпес құралы ұшбұрышты, сопақ түрдегі — домбыра. Өз кезінде қос ішекті, іші қуыс, асты терімен жабылған қобыз сияқты құралдар болған.
XVI-XVII ғғ. халық ойындарында, мерекеде, эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық жырларды халық талантары жаңғырта білген.
Күйлерді орындаудан бұрын халық таланттары шығарманың мазмұнын қысқаша баяндап, “Енді тыңда, домбыраның сазын” деп аяқтайтын болған. Өткен тарихымыздан біз ауыз әдебиетінің талант иесіне қанша күш беріп, сондай бір тербеніске әкелетінін білеміз.
Ауыз әдебиетінің ерекшелігін, алтын қазығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ақын, жырау, әнші-импровизаторлар. Ақындар орта ғасырда-ақ ауыз әдебиетін жаңғырта білген. Олар екіге бөлінген: жыршы және әнші.
Ауызша және жазбаша әдебиеттер. Поэзия. Жырау.
XV ғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.
Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы. Ол XV ғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде, өзара тайпалардың бірлігіне, ерлікке шақырады. Доспанбет жырау XV ғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақшасарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлік пен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523 ж. Астрахан соғысында қаза тапты.
Қазақ халқының мәдениетінде Шалгез-жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.
Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа-жырау мен Жиембет-жырау (XVII ғ.). Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін, өзінің туған жеріне қайта оралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет