1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


-1880 жылдардағы Ресей үкіметінің Қазақстандағы отарлық реформалары



бет74/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

38.1860-1880 жылдардағы Ресей үкіметінің Қазақстандағы отарлық реформалары.
1731 жылы Кіші жүз Ресейдің құрамына қосылғаннан бастап Патша үкіметі қазақ даласында ресейлік басқару жүйесін енгізуге ұмтылды. Осы мақсатпен 1834 жылы кейіннен Шекаралық комиссия атанған Орынбор экспедициясын құрды. ХІХ ғ. 20-жылдарында Қазақ даласында әлі де хандық билік сақталғанымен, көптеген саяси функциялары қысқарғандықтан әлсіреген еді. Жергілікті билік – Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторларының басқаруына берілді. Бұл генерал-губернаторлықтардың алдында өз қол астындағы қазақ жерлерінде хандық билікті жойып, Орта және Кіші жүзді басқаруда ресейлік заң нормаларын енгізу міндеті тұрды. Бұл мақсатты шешу үшін «1822 жылғы Сібір қырғыздары жөніндегі жарғы» мен «1824 жылғы Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғының» негізі жасалып, қабылданды.
Сібір қырғыздарының облысы негізінен, Орта жүз территориясын қамтыды және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына енетін Омбы облысының әкімшілік қарамағында болды. Орынбор қырғыздарының облысы Кіші жүз территориясында орналасты және Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды.
Кесте 1. Әкімшілік-терреториялық реформалар (ХІХ ғ. 1-ші жартысы)

«1824 жылғы Орынбор қырғыздары
жөніндегі жарғы»

«1822 жылғы Сібір қырғыздары
жөніндегі жарғы»

Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссеннің басшылығымен дайындалды

Сібір генерал-губернаторы М.Сперанскийдің басшылығымен дайындалды

Әкімшілік бөлініс,
Басқару аппараты

Әкімшілік басқарма,
Басқару аппараты

Орынбор азиялық Басқармасы,
Шекара комиссиясының төрағасы

Сібір қырғыздарының облысы,
Омбы облысы бастығы

Далалық басқарма,
Бірінші қатысушы (1826ж. дейін Шерғазы хан Орынборда болды)

Далалық басқарма,
Бірінші қатысушы (1826ж. дейін Шерғазы хан Орынборда болды)

Төрт бөлік
1. Ішкі Орда - Хан
2. Батыс бөлік - Сұлтан
3. Орта бөлік - басқарушылар
4. Шығыс бөлік (тағайындалды)

15-20 болыстықты сұлтан басқарды,
Болыс – алғашқыда мұрагерлік жолмен сайланған.

Рулық-тайпалық бөлініс,
Билер мен ағамандар.
Ауылдар - Ағамандар
(1831ж. дистанция)

10-12 ауыл - Ағамандар
Бір ауылда 50-70 түтін - Сайлау түрінде.

Сот жүйесі:
Орынбор шекара комисс.-Әскери сот
1.Қазақтар мен шетелдік саудагерлерге
қатысты
2. Талап істері - Билер соты

Сот жүйесі:
1. Қылмыстық істер - Империя заңы
негізінде қаралған.
2. Талап істері - Билер соты
3.Төмендегі биліктерге қатысты арыздар – Империя соты

Салық жүйесі:
Шекара сызығының арғы жағына мал айдап өткізгені үшін

Салық жүйесі:
Бас кезінде барлық алым-салықтар
дан 5 жылға босатылды, кейіннен ясак (100 бас малдан 1бас мал) және
почта міндеткерлігі.

Орынбор қырғыздарының облысы жарғы бойынша ең алдымен бөліктерге, шекаралық сызық бойымен дистанцияларға (екі бекініс арасындағы қашықшық) бөлінді. Орта жүз территориясында сыртқы округтарды құру 1824 жылы басталды. Ең алғаш Қарқаралы және Көкшетау сыртқы округтары ашылса, 1825 ж. - Құсмұрын, 1826 ж. - Баянауыл, 1827 ж.-Көкпекті, 1831 ж. - Аягөз, 1832 ж. - Ақмола, 1833 ж. – Үшбұлақ, 1834 ж.–Аманқарағай, 1848 ж. – Алатау сыртқы округтары құрылды. Осылайша, ХІХғ. ортасында Ресей билігі Орта жүз бен Кіші жүздің біршама бөлігіне тарады. Ұлы жүздегі саяси жағдай тұрақсыз еді. Қоқан хандығы біртіндеп Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды жаулап алумен болды, ал бұл территорияда қазақ руларының басын біріктіретін бірыңғай басшы тұлға шықпады. Осы жағдайды пайдаланып, Ресей де өз кезегінде ықпал етуге ұмтылды.
Орта жүз территориясын жаулап алуға бағытталған әскери операциялары Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басып жанышталғаннан кейін басталды.
Ресей империясы Ұлы жүз территориясын жаулап алу үшін Орынбордан және Омбыдан екі бағытта әскери қимылдар ұйымдастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет