1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет36/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Өлекседегі өзгерістер аса айқын емес. Құрттардың шоғырланған жерінде ішектің ішкі қабатының ісініп, қабынып тұруы байқалады, кейбір тұстары қанталап тұрады, ішек құрттарға толы.
Анықтау. Аноплоцефалидозға шалдықкан малға диагноз кою үшін жоғарыда сипатталған клиникалық белгілерін еске алу керек. Оны нақтылау үшін жылқының нәжісін зерттеп, арасынан ішқұрттың үзінділерін табу қажет. Сопакша келген құрт бунактары тезек бетінде ағарып, жыбырлап жүреді, ал жұмыртқаларын Фюллеборн, т.б. калқыту әдістері көмегімен іздестіріледі. Өлген түліктің ішегінен цестодаларды тауып, оларды анык ажыратуға болады.
Емі. Аноплоцефалидозға карсы папоротник сығындысын жылқы жасына қарай 5 г-нан 20 г-га дейін желатинмен коршалған капсуламен немесе қамырға косып, болюс түрінде береді. Дәрі мөлшері 5-6 айлық кұлынға 5-7 мл 8-12 айлық жабағыға 8-10 мл; одан ересек тайға 10-12 мл; құнан мен дөнен, бестіге 15-20 мл. Дәрілер алдында жануар 12 сағат бойы аш ұсталады, дегельминтизация өтісімен 2 сағаттан кейін, оған іш айдайтын глаубер тұзының 30-50 мл-дей қаныққан ерітіндісін зонд аркылы зорлап ішкізеді. Арық құлындарға және қатты ауырған малға жоғарыда көрсетілген дозаны үш бөліп берген жөн (Мухаметалин, 1973). Өте әсерлі дәрі фенасалды 300-500 г жемге қосып, құлындарға 200 мг/кг, тайларға 200 мг/кг, сақа жылқыға 300 мг/кг мөлшерде жегізеді. Емделген мал екі сағаттан соң өріске шығарылады.
Сактандыру. Iшқұрт ауруын болдырмау үшін алдын ала колданылатын нұсқаулар жоқтың қасы. Сақтық шара ретінде жылқыны жоспарлы түрде дегельминтизациядан өткізіп отыру және оларды екпе шөпті өріске жіберуді ұсынады. Себебі мұндай жайылымда сауытты топырақ кенелері аз ұшырасады.
3.Қой, ешкі хасстилезиозы
Хасстилезиоз (бұрынғы атауы скрябинетрематоз)- қой мен ешкі гельминтозы. Ол, кейбір Орта Азия мемлекеттерінде қой шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіреді.
Қоздырғышы - Hasstilesia ovis yак жұмыртқа тәріздес трематода. Ұзындығы 0,92-1,2 мм, ені 0,49-0,7 мм, сырткы кутикуласы кішкене тікенекшілермен қаруланған. Ауыз және құрсақ құрт денесінің алдыңғы үштен бірін алып жатады. Жатыры өсінкі, оның 1ші құрт жұмыртқаларымен нығыздалғаны соншалықты, тіпті паразиттің денесін толығымен жауып тұрады. Еркек жыныс бездері үлкен, біртұтас, дененің артқы жағында орналаскан. Жұмыртқасы асимметриялы, қоңыр түсті.
Өсіп-өнуі. Паразит құрылык ұлуларының қатысуымен өсіп дамиды. Аралық иесі құрлық ұлуының екі түрі: Риpilla тuscorum және Vallonіа сostata. Ақтық иесі нәжісімен бірге сыртқы ортаға бөлініп шыққан құрт жұмыртқаларын ұлулар жұтады. Олардың ішектерінде жұмыртқадан мирацидий бөлініп, ас қорыту безіне енеді, одан әрі жіпке ұқсас спороцистаға айналады. Спороцисталардан біртіндеп церкарийлер пайда болады. Одан сон, церкарии- лер құйрықтарын жоғалтып, 2-2,5 айдан кейін метацеркарийге айналады. Қой мен ешкілер жайылымда метацеркарийлермен зақымданған ұлуларды шөппен бірге жұтып, гельминтозбен закымданады. Мал ішегінде метацеркарийлер цисталардан ажырап, жас хасстилездерге айналады, олар ішектің кілегей қабатына бекініп, 3-4 аптадан соң марита сатысына дамиды. Эпизоотологиясы. Хасстилезиоз еліміздің қой шаруашылықтарында жиі тіркелетін гельминтоз. Бұл ауру жылдың барлық мезгілінде кездеседі, әсіресе күз айларында инвазияның экстенсивтілігі өте жоғары болады. Онымен 1-2 жас аральғындағы мал жиі ауырады, ал ересек мал арасында инвазияның экстенсивтіктілігі және интенсивтіктілігі төмен. М.Ж. Сулейменовтың (1989) деректеріне карағанда, Алматы облысы кой отарларында, хасстелиоздың таралуы 92% жетеді, ал инвазияның интенсивтіктілігі орташа 100 мың дана құртты құрайды.
Сырт белгілері. Ас қорыту жолының қызметі бұзылады және қанда эритропения, эозонофилия құбылысы байқалады. Мал арықтап, іші өтеді, кебеді, қаны азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет