1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет23/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

ЕМТИХАН БИЛЕТI № 9

1 Ауыл шаруашылығына және адам деңсаулығына инвазиялық ауруларымен келтіретін зиян


2 Ларвальді эхинококкоз
3 Жануарлар токсоплазмозы



  1. Малдың инвазиялық аурулары — эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы — гельминтоздар. Оларды трематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт), нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында фасциолездикроцелиозішек цестоздарытаспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар жиі кездеседі. Сиырдың, қой-ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы — фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен малды алдын ала құрттан арылтады (дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын тазартады. Дикроцелиоз— малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру. Республиканың барлық өңірінде, әсіресе оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жиі кездеседі. Оны тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихолгексохлор-параксилолгетолин беріп (дегельминтизация жасап), құрттан арылтуға болады. Таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар — эхинококкозценурозцистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады. Бұл аурулардан арылу жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.

Ішек цестодоздарын (мониезиоз, тизаниезиоз, т.б.) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және тұрақты иелердің қойсиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтану үшін малға тотияйын мен ас тұзының қоспасы, фенасал, т.б. дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы — тейлерияпироплазмақан паразиттері (бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер), безноития (теріні зақымдайтын паразиттер) сияқты бір клеткалы паразиттер тудыратын протозойлық аурулар. Бұлардың көпшілігі ауру малдан сау малға кене, түрлі жәндіктер арқылы жұғады. Ауру жедел түрде өтеді, негізгі белгілері — малдың дене қызуы қатты көтеріліп, лимфа бездері үлкейеді, терінің сарғаюы, жүрек пен қан тамырыішек-қарын қызметінің нашарлауы байқалады. Протозойлық ауруларды емдеу үшін азидинберенилдиамидин, т.б. препараттарын егеді. Мал токсоплазмозынансаркоспоридиозбезноитиозқотыр ауруларының эпизоотологиясы мен патогенезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі республикада жүйелі жолға қойылған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет