1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Ірі қара малдың цистицеркозы



бет20/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2.Ірі қара малдың цистицеркозы. Бұл созылмалы, жасырынды түрде өтетін, бұлшық еттің зақымдануымен сипатталатын ларвалдық гельминтоз ауруы.

Экономикалық зияны:


  1. Ветсансараптауға, диагнозды қоюға жұмсалатын қаражат.

  2. Цистицеркозбен қатты зақымдалған ұшалар утильге жіберіледі.

  3. Әлеуметтік маңызы зор – адамға өте қауіпті ауру, адам малдан ауруды жұқтырған жағдайда, оның ішегінде 10 метрлік таспа құрт пайда болады, трофикалық, токсикалық, механикалық, аллергиялық әсерін тигізеді.

Жіктелуі:


Топтама: Plathelminthes (жалпақ құрттар) Тап: Cestoda (таспа құрттар)
Тегі: Cyclophyllidea (цепеньдер) Тек тармағы: Тaeniata (тениаталар)
Тұқымдас: Тaeniidae Туысы: Тaeniarhynchus
Түрі: Т. saginatus (өгіз таспа құрты, имаго сатысы)
Ларвоцистасы: Cysticercus bovis (ларвоциста, финна, көпіршік)
Морфологиясы: Бұл құрттың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, балаң- көпіршік.

    1. Имаго – жынысы жетілген сатысын Тaeniarhynchus saginatus деп атайды. Қазақша – өгіз таспасы деп. атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, қарусыз. Дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Қос жынысты бунақтардағы тұқымдық екі көлемі тең, дөңгеленген бөлшектерден құрылған. Ал, пісіп-жетілген проглотидалар, ұзындығы енінен көбінесе ұзынырақ, ішінде ұзынынан орналасқан жатыры бар. Оның

тармақтарының саны 18-32. Өгіз таспа құрты адамның аш ішегінде өмір сүреді.

    1. Жұмыртқасы сопақ, сыртқы қабының көлденең сызықтары бар, ішінде алты ілмекшелері бар онкосфера орналасады.

    2. Цистицерк, яғни ірі қарада аурудың қоздырушысы, онысы

Cysticercus bovis деп аталады. Кейде онысын «финна» деп те атайды. Бұл бір қуысты көпіршік, оның көлемі бидай дәніндей немесе бұршақтай болады. Екі қабықшасы бар: дәнекер, тоқыма қабы сыртында, ал, герминативтік қабы ішінде. Көпіршіктің ішінде мөлдір сұйық бар, бір қарусыз сколексі орналасқан. «Финна» немесе цистицерк мойын, қабырға, жақ еттерінде, тіл мен жүректе, ал, өте көп болса барлық бұлшық еттер мен көк еттен табылады. Финна ірі қарада, қодас, енеке, өркешті бұқаларда кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет