10-билет 1. Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім және олардың номенклатурасы (атаулары)Жануартекті паразиттер (гельминттер, жәндіктер, кенелер, қарапайымдылар) қоздыратын аурулар паразитарлық немесе инвазиялық (латынша invasio - басып кіру, жабуыл жасау деген мағанада) аурулар деп аталады. Инвазиялық ауру паразиттік мал организміне биологиялық тітіркендіруші ретінде патогендік әсер етуінен пайда болады. Мұндай аурудың туындауы үшін ауруға бейім мал, зардапты қоздырушы және қоршаған ортаның лайықты жағдайлары болуы шарт. Малдың паразиттермен залалдануға бейімділік 15 деңгейі оның қоңдылығына, жасына, ал кейбірде тұқымына да байланысты болады. Қоршаған ортаның ауру туындауына мүмкіншілік беретін лайықты жағдайларына ауаның температурасы, ылғалдығы, қозғалыс жылдамдығы, топырақ түрі, жайылымдар мен суаттардың типтері, жарық күннің ұзақтығы және ортаның жарықтану деңгейі жатады. Инвазиялық аурулар, айталық диктиокаулез, фасциолез, протозойлық аурулардың көпшілігі, клиникалық көріністері анық байқалатын ағымда, себебі қоздырушыларының күшті патогендік, вируленттік уыттылығы, уландырушылық қасиеттері бар, сондай ақ, олар, клиникалық көзге байқалатын көрнекті симптомдары жоқ, яғни субклиникалық, немесе латенттік ағымда (көптеген гельминтоздар) өтеді. Инвазиялық аурулардың біршамасының клиникалыққы белгілері байқалмай, ағымы ұзаққа созылады, егер инвазия қарқындылығы айтарлықтай болмаса (төмен болса) тек паразит алып жүру (паразитоносительство) үлгісінде өтеді. Паразиттің ие организміне әсер көп қырлы, ол паразиттің түріне, дене – өлшемдерінің үлкен кішілігіне, даму сатысына, иесінде мекен тепкен орнына байланысты болады. Мысалы қойдың миындағы Coenurus cerebralis оның өліміне себеп болады. Ұлпа паразиттері (нематодтардың, цестодтардың және бөгелектердің балаңқұрттары) қоршаған ұлпалардан белоктарды, көмірсуларды және т.б. қоректік заттарды бойына сіңіріп (ассимиляциялап), өз денесінен диссимиляция өнімдерін бөледі. Бұлар ие организмінің ұлпалары мен органдарына сіңіп патогенді әсер етеді. Ие организмінде миграция өту шағындағы балаңқұрттар микроорганизмдердің өтуіне жол ашып, секундарлық инфекция туындауына мүмкіндік береді. Ие организмі паразиттерге қарсы өзінің қорғаныстық күштерін (фагоциттер, антидене түзу және т.б.) жұмылдырады. Осы әрекеттің нәтижелігінен инвазиялық үрдістің ағымы және ақтығы шешіледі. Алғашында инвазиялық аурулардың жалпыға бірдей атаулары қалыптастырылмады. Оларды мекен тепкен орнына қарай (өкпе құрт ауруы, ұлтабар құрт ауруы), ауру малда клиникалық көзге байқалатын көріністеріне қарай (айналма, кератоконъюнктивит, қотыр және т.б.) атап келді. Бұл атаулар аурудың себебін толық ашпай топтық атауға ұқсасырақ түсінік беретін. Шынында, бір мүшеде гельминттердің бірнеше өкілдері: өкпеде - диктиокаулдер, протостронгилдер, цистокаулдер, мюллериялар, ал ұлтабарда - гемонхтар, трихостронгилидтер, остертагиялар тіршілік етеді. К.И.Скрябин және Р.С.Шульц (1928) паразитарлық аурулардың зоологиялық атауларға негізделген ғылыми номенклатурасын енгізді. Олар, әрбір паразит түрінің ғылыми тұрғыда биномдық немесе екі сөзден тұратын атауы болатынын ескеріп (алғашқысы тектік, келесісі түрлік атау), ауруды тектік атау түбіріне оз немесе ез жалғауының бірін қосып атауды ұсынды. Мысалы, Fasciola hepatica (Fasciola тектік, hepatica түрлік атау), бұл паразит тудыратын ауру фасциол + ез деп аталады. Егер қоздырушылар әртүрлі тектен бірнеше түрлі болса және бір органда мекендесе аурудың атын туыстастық атауымен көпше түрде қояды. Мысалы, Strongylidae туыстығының өкілдері қоздыратын ауруларды стронгилид + оздар деп атайды. Осыған ұқсас, қажет 16 болғанда ауруларды топтастырып, ірірек таксондар бойынша атауға да болады: стронгилятоздар - Strongylata тек тармағындағы (подотряд) гельминттер қоздыратын аурулар, цестодоздар Cestoda класының өкілдері қоздыратын аурулар, паразитоздар жалпы жануар текті паразиттер қоздыратын аурулар. Сондай-ақ, қоздырушысы балаңқұрт сатысындағы паразит болса аурудың атауын соған байланысты қоюы қабылданған. Мысалы: Multiceps multiceps таспа құртының балаң құрты Coеnurus cerebralis қоздыратын ауру ценуроз, трематода Fasciola hepatica балаңқұрты - церкарий қоздыратын ауру церкариоз деп аталады. Инвазиялық ауру қоздырушыларының кейбірі грекше аталады. Осы тілдің грамматикасына байланысты ауру атауы келесі жолмен түзіледі: грек тіліндегі сөзді атау септіктен ілік септікке келтіріп оған іs жалғауын қосады. Мысалы, Hypoderma-Hypodermatos-Hypodermatosis, осылайша ParamphistomaParamphistomatos-Paramphisnomatosis, Hymenolepis-HymenolepidosHymenolepidolis және тағы с.с. Буынаяқтылар, насекомдар, кенелер және т.б. буынаяқтылар, қарапайымдылар қоздыратын ауруларда осы принцип бойынша аталады. Мысалы, псороптоз, гастрофилез, пироплазмоз, эймериоз және тағы с.с.