1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет25/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Даму циклы - Биогельминт, екі иесі бар.
Ақтық иелері – ит, қасқыр, шиебөрі, түлкі, т.б. ет қоректілер.
Аралық иелері – қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам және т.б. сүтқоректілер.
Ақтық иеден – иттерден нәжіспен үздіксіз пісіп-жетілген буылтықтар түседі, олардың ішінде 800-ге жуық жұмыртқалары болады. Мал осындай құрт онкосферасын жем-шөппен не сумен қоса жұтып қойған кезде эхинококкозға шалдығады. Мал ішегінде онкосфера өзінің ілмекшелерінің көмегімен ішек қабатын тесіп қан тамырларына өтеді. Одан қан айналысы арқылы бауырға, өкпеге және т.б. мүшелерге жетіп, тұрақтап өсе бастайды, 5-6 айдан кейін эхинококк көпіршігіне айналады.
Тұрақты иелері – иттер, эхинококкозға шалдыққан малдың ішінде цистасы бар өкпе-бауырын шикідей жеген кезде, олардың ішегінде E.granulosus таспа құрттары өсіп жетіледі, 41-49 күн мерзімінде ересек құртқа айналып, ит нәжісімен бірге олардың жұмыртқалары сыртқы ортаны ластап, малға ауру жұқтыра бастайды.
Эхинококкоз адам үшін де өте қауіпті ауру, адам абайсыз жеміс-
жидек, өсімдіктермен, сумен, тағамдармен құрттың жұмыртқасын жұтып қойғанда ауруға шалдығады.
Індеттанулық деректер. Эхинококктардың қоздырушысы космополит боп саналады, яғни эхинококкоз ауруы Қазақстанның барлық аймақтары мен өлкелерінде кең тараған цестодоз. Ол әсіресе қой, ірі қара малдың арасында өте жиі кездеседі. Оңтүстік облыстарда бұл гельминтозға мал Солтүстік аймақтарға қарағанда көп шалдығады. Бұл дерт барлық
маусымда да кездеседі, бірақ, өлімі қыста, ерте көктемде, яғни күтімі, азықтандырылуы нашарлаған жағдайда жиірек болады. Эхинококкоздан, әсіресе сақа қойлар арасында шығын көп болады. Бұл гельминтоздың мал мен жануарлар арасында кең тарауының басты себептері мынандай:

  1. Иттерді жоспарлы түрде алдын-ала ғылыми негізде белгіленген

мерзімде дегельминтизацияланбауы.

  1. Өлген немесе етке сойылған қойлардың және басқа да малдың эхинококк цистасымен залалданған өкпе-бауырын иттерге бере салу, иттерге жегізу.

  2. Дегельмитизация жасаған дәріні бере салысымен иттерді босатып қоя беру, ал, нұсқауы, тәртібі бойынша дәріленген иттерді екі күн бойы байлауда ұстап, ішінен түскен нәжісті, құрттарды өртеп жіберу керек.

Осы айтылған жайттардың эпизоотологиялық маңызы өте зор.
Эхинококк таспа құрттары көбінесе шопанның, малшы иттерінде көп кездеседі. Кейбір шаруашылықтардағы иттердің 70–80 %-нан осы құрттарды табуға болады. Бір иттің ішінде мыңдаған, он мыңдаған таспа құрттар тоғышарлық тіршілік етеді. Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда эхинококкпен экстенсивті залалдану деңгейі осындай:

    • шопан иттерінің 3,7 – 81 %-ға дейін;

    • ауыл иттерінің 0,4 – 65 %-ға дейін;

    • қала иттерінің 2,7 – 45 %-ға дейін.

Малдың залалдануы 12,3-86,7 % аралығында болады. Олардың жасы ұлғайған сайын эхинококкозға шалдығуы да арта түседі.
Мысалы, Алматы ет комбинатында сойылған қойлардың 7-53 %, сиырлардың 6-51 %, шошқалардың 0,3- 3,21 % эхинококкоға шалдыққаны анықталған.
Қазақстанда қой эхинококкозға Алматы, Жамбыл, Шымкент, Орал, Ақтөбе өңірлерінде өте жиі ұшырасады – бұл жерлерде аурудың таралу
деңгейі 40 – 67 % шамасында. Ал, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Семей және Павлодарда бұл инвазияның таралуы орташа деңгейде.
Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Торғайда эхинококкоздың таралу мөлшері біршама төмен, мысалы 7-25 % деңгейінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет