3 Тауық простогонимозы Бұл гельминтозбен тауық, күркетауық және солар тектес кейбір жабайы құстар, сирек жағдайда үйрек пен қаз ауырады. Сорғыштар (Рго5Іо£опітш оуаіиз, Р.сипеаіш) мекиеннің ұрық түтігінің жүмыртқа жолдарын, ал балаңқүртгары фабриций қалтасын мекендейді. Трематодозға көбінесе тауықтар шалдығады. Простогонимдер қүстың үрық түтігін қабындыратындықтан, мекиендер жұмыртқаларын сыртқа қабықсыз, сұйық күйінде ағызып жібереді. Тауықтар арасында өлім-жітім едәуір көп болады.
Қоздырғышы. Сорғыштың дене бітімі алмүртқа үқсайды, үзындығы 3-6 мм, ені 1-2 мм шамасында. Қүрсақ сорғышы ауыз сорғышынан екі еседей үлкенірек келеді. Жүмыртқа тәрізді екі ені қүрттың орта шеніне таман орналасқан. Түқымдық қүрсақ емізікшесінің астында (Ргоаіо%опітиз ОЩіиз) немесе үстінде болады (Р. сипеаіиз). Еркектік жөне үрғашы жыныс тесіктері қүрттың ауыз емізікшесінің қасынан ашылады.
Өсіп, өнуі. Простогонимус қүрттарының даму жолдарын зерттеген ғалым В.Я. Панин (1957). Қүрт жүмыртқалары тауық немесе т.б. қүстар саңғырығымен бірге сыртқы ортаға бөлініп шығады. Суға түскен жүмыртқалардан 1-2 апта аралығында мирацидий дамып, су бетінде еркін жүзіп жүреді. Мирацидийлер суда тіршілік ететін ұлулар (битиния, гираулюс) денесіне еніп, спороцисталарға айналады. Спороцисталардан 1,5 ай мерзімде қүйрықты церкарийлер пайда болады. Олар үлу денесін тастап, қосымша иелері - суда жүретін инеліктер балаңқұрттарының денесіне енеді. Мүнда бір айдан астам уақыт аралығында церкарийлер қүйрықтарын жоғалтып, қабыршықпен қапталып, жүқпалы түрі метацеркарийлерге айналады. Инелік балаңқүртгары ересек жәндіктерге айналғанда да метецеркарийлер озгеріссіз сақталады. Ақтық иелері - қүстар инеліктің балаңқүрттарымен немесе өзімен қоректеніп, паразитті жұқтырады. Құс асқорыту жүйесінде инеліктер қорытылып, одан босап шыққан балаңқұрттар үрық түтігіне немесе тауық балапанының фабриций қалтасьша жайғасады. Қүс организміндегі балаңқүртгар 1 -2 жүмадан кейін жынысы жетілген ересек қүрттарға айналады.
Эпизоотологиясы. Простогонимоз түгцы көл айналасында орналасқан қүс фермаларында, елді мекендерде жиі кездеседі. Трематодозбен кобінесе тауық пен күрке тауық ауырады және дерт бүларда өте зілді өтеді, қүстар өлімге үшырайды. Ауруға барлық жастағы құс, әсіресе жұмыртқалап жұрген тауықтар шалдығады. Құс атаулыға бұл гельминтоз көктем, жаз, кұз айларында жұтады. Індеттің өршуі жаздың бас кезінде байқалады, таралуына судағы ұлу мен инеліктің бар-жоқтығы ықпалын тигізеді. Ауа райы жылысымен қыстап шыққан инеліктің балаң құрттары көлдің тайық жиегіне шогырланады.
Аурудың өрбуі. Сорғыш құрттар құстың ұрық түтігіне, фабриций қалтасына орналасып, оларды қатгы зақымдайды. Аталған ағзаларды тітіркендіріп, жаралап, қабындырады. Қабынған ұрық жолы ісініп, қалыңдап, қантамырлары білеуленіп, іші қойыртпақ сұйыққа толады. Нәтижесінде ұрық бездерінің қызметі бұзылады. Ұрық жолы созылады, немесе тесіліп - үзіледі.