2.Жылкы апоплоцефалидозы
Бұл гельминтоздардың қоздырғыштары-Апоplосеphala mag- рerfoliata және Рaraпоplocеphala таmillana - таспа кұрттары болып табылады. Құрттың бірнеше түрі ащы ішектің соңғы үлеcінде, екінші түрі-бүйенде не картада кездеседі, ал үшінші он екі елі ішекте орналасады. Аноплоцефалиделерді жылқыдан басқа есек пен қашырдан табуға болады.Құрттардың аралық иесі сауытты орибатид кенелері.
Қоздырғышы. Цестодалардың ұзындығы түрлеріне карай әртүрлі келеді. Сколекстері қарусыз, бірақ сорғыштары дамыған, жәй көзге айқын көрініп тұрады. Құрттардың мойны аса жетілмеген. Көпшілігінің бунақтарының ені ұзындығынан 2-3 есе артык болады. Жыныс мүшелері бунактың сыңар бүйірінен ашылады. Апоplocephala magna жылкы денесінде кездесетін таспа кұрттардың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы кейде жарты м-ге жетеді, сколексі домалак, қосжынысты буылтықта еннің саны 400-500-ге дейін барады. А. perjoliata ұзындығы 3-7 см, сколексі текше тәрізді және оның арткы жағынан әрбір сорғышты қоршап тұрған 4 кал- қаншасы бар. Р. татillaпа ұзындығы 1-4 см, сколексі сопак, енінің саны 100-ге жақын. Аноплоцефалиделердің жүмырткаларының диаметрі 65-95мкм, сақина секілді дөңгелектеніп келеді, ішінде алмұрт сияқты құрылғысы бар.
Өсіп, өнуі. Бұл құрттардың аралык иесі орибатид топырак кенелері. Мал нәжісімен бөлініп шыккан құрт жұмыртқаларымен закымданған буынаяқтылар денесінде 5 ай мөлшерінде цистицеркоид (жануарға жұқпалы балаңқұрт) пайда болады. Жылқы жайылымда олармен зақымданады. Жылқы ішегінде балаңқұрт бірнеше апта өтiсімен ересек цестодаға айналып, 3-5 айға дейін тіршілік етеді.
Эпизоотологиясы. Аноплоцефалидоз еліміздің көптеген аймақтарында ұшырасады. Бұл цестодозбен көбінесе құлындар қатты ауырады. Дертке көп жағдайда бір жаска дейінгі төлдер жиі закымданады. Қазақстанның Онтүстік-Шығыс аудандарында ішқұрт ауруы жыл бойы кездеседі, көктем, жаз айларында жиірек байқалады, ал кыста өте сирек тіркеледі.
Аурудың өрбуі. Таспа құрттар ішекті бітеп, коректік затты сіңіруге кедергі келтіреді және қорытылмай қалғандарының сыртқа шығуына бөгет жасайды. Соның салдарынан ішек кейде түйіліп калады. Ішекте пайда болған улы заттар қанға сіңіп, бүкіл денеге жайылып, оны уландырады, жүйке жүйесіне зардабын тигізеді.
Сырт белгілері ішектегі құрттың көп-аздығына байланысты, құлын мен тайда, құнан мен дөненде айрықша білінеді. Малдын шөпке заукы болмай, іші кебеді, тынымсызданады, өсу қаркыны тежеледі, жүрек соғуы мен тыныс алуы жиілейді, дел-сал болып өлімге де ұшырауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |