1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


- билет 1.Дегельминтизация



бет34/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

12 - билет
1.Дегельминтизация.
Гельминтоздарға қарсы қолданылатын шаралардың ішіндегі ең мәндісі — дегельминтизация. Дегельминтизация дегеніміз - мал денесін химиялық дәрілер көмегімен іш құрттардан арылту. Малды дегельминтизациялау үшін қолданылатын дәрі-дәрмектерді антгельминтиктер дейді. (Бұлардың түрлері, атаулары, қолданылатын әдіс-тәсілдері т.б. жеке дербес гельминтология бөлімінде толығырақ баяндалады).Көздеген мақсатқа байланысты, дегельминтизация диагностикалық, емдік және профилактикалық болып үш түрге жіктеледі. Емдік пен сақтык дегельминтизациялардың ара жігі шамалы, себебі олардың мақсаты мал денесін белгілі бір ішкұрттан арылту, сондай-ақ мал денесіне оларды қайта жұқтырмау. Емдік дегельминтизацияның бір түрін лажсыз немесе амалсыз деп атайды. Бұл даyаны гельминтоздың клиникалық белгілері айқындалып, мал азып - тозып, олардың арасында өлім-жітім пайда бола бастаған кездe, күніне, айына, мезгіліне қарамай жүргізе береді. Емдік немесе профилактикалық дегельминтизацияны жүргізерде, антигельмин- тиктер алдымен бірнеше бас (10-20) малға беріліп, тексеріледі. Егер 2-3 тәулік арасында сынақ малдары арасында улану белгілері білінбесе, онда барлығы жаппай дәріленеді. Дегельминтизацияны мал іш құрттарының даму сатыларына қарсы қолдануына байланысты преимагиналык, имагиналық және постимагиналық деп үшке бөледі.
Преимагиналдық дегельминтизацияның мақсаты — мал денеcіндегі жыныс мүшелері жетілмеген балаң құрттарды жою. Бұл дегельминтизация нәтижесінде сыртқы ортаға мал нәжісімен ішқұрт жұмыртқалары, балаңқұрттары таралмайды, яғни жайылым ластанбайды.
Имагиналдық дегельминтизация нәтижесінде мал денесіндегі ересек құрттар жойылады немесе сыртқы ортаға шығарылады. Шаруашылықта бұл әдіс өте жиі пайдаланылады. Дегельминтизацияны әуелі гельминтоздың сырт белгілері айкын білініп, азып- тозған малға жасау қажет. Бірақ дерт белгілері барлық малда біркелкі біліне бермейтінін ескеріп, дәрілеуді отардағы (үйірдегі, табындағы) күллі малға түгелдей жасайды.
Профилактикалық дегельминтизаия жыл сайын малдың белгілі бір гельминтозы шығатын шаруашылықтарда, аудандарда жүргізіледі. Tіпті мал арасында гельминтоз шыкпаған күннің өзінде де (гельминттердің жұмыртқасы мен балаң кұрттарының тарауына жол бермеy үшін) бұл дегельминтизацияны белгілеген уакытында жүргізе береді. Профилактикалық дегельминтизацияны жүргізу үшін гельминттердің түрін, олардың даму айналымының мерзімін (егер биогельминт болса аралық, қосымша иелері ескеріледі), аурудың эпизоотологилық ерекшеліктерін білу жөн. Әдетте малды қорада ұстау алдында (қыс түсерде) немесе ерте көктемде (өріске шығарда) жүргізілген дегельминтизация, ең ыңғайлы болып санала- ды. Мал гельминтозы түріне байланысты дегельминтизация кейде 2 немесе 3 (өте сирек) рет қайталанады. Кейбір гельминтоздарға (фасциолез) қарсы сақтандыру дегельминтизациясы, мал түрінің барлығына (күйіс қайыратындарға, жылқы, шошқаға) түгелімен жүргізіледі. Аталған емдік дегельминтизация дұрыс жүргізілген жағдайда, гельминттердің 90-92% жойылады. Шаруашылықты гельминтоз ayруынан тазарту үшін, тек дегельминтизация жүргізумен ғана шектелуге болмайды, өйткені мал гельминтоздарын таратуда қоршаған ортаның рөлі зор. Осыған байланысты, гельминтоздарға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар қоса жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет