1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Ет қоректілер описторхозы



бет30/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

3. Ет қоректілер описторхозы
Описторхоз – сүтқоректiлер қатарының, көбiнесе ит, мысық, терiсi бағалы аңдар, сирек шошқалардың, сонымен қатар адамның Opishorchidae тұқымдасы, Opistorchis felineus трематодасымен шақырылатын бауырдың өт жолдарында, өт қабында және сирек ұйқы безiнде тiршiлiк ететiн табиғи –ошақты ауруы.Қоздырушысы. Трематода денесiнiң ұзындығы 8-13 мм, енi 1-3,5 мм. Ауыз сорғышынан кейiн фаринкс орналасқан, өңешi бар, ол екi iшек бұтағына бөлiнiп, трематоданың артқы жағына жақын тұйық болып аяқталады. Құрсақ сорғышы дененiң бiрiншi және екiншi дене бөлігінің аралығында орналасқан. Еннiң алдында жұмыртқалықпен iрi шәует қабылдаушы орналасқан. Дене ұзындығының ортасынан үштен бiрi бөлігін жатыр iлмегiмен толған. Жыныс тесiктерi құрсақ сорғышының алдында орналасқан.Аралық иелер – Bithynia leachi тұшысу ұлуы, қосымша иелері – тұқы балықтарының көптеген түрлерi: шабақ балық, қара балық, сазан тұқымдас кішкене балық (язь), тұқы, табан балық, шабақ, сазан және т.б.Қоздырушының даму биологиясы. Клиникалыққы ортаға бөлiнiп шыққан трематода жұмыртқаларында қалыптасқан мирацидий болады. Жұтылған жұмыртқасынан мирацидий аралық иенiң iшегiне шығады, iшек қабырғасы арқылы қуысқа енiп, спорацистаға айналады. Бiр айдан кейiн спороцистадан редия құрылады, онда церкарийлер дамиды. Церкарий редияны тастап, ұлудың ас қорыту безiнде инвазиялық сатысына дейiн пiсiп жетіледi. Кейiн шамамен екi айдан сон церкарий ұлу организмiнен шығып, суат түбiнде жүзедi. Осындай инвазионды церкарийлер қосымша иелерге – тұщы су балықтарына жабысып, олардың терi жабындысы арқылы бұлшықет және дәнекер ұлпасына енедi, онда олар қабықпен қапталады да метацеркарийге айналады. Балық бұлшықетiне енген метацеркарийлер тек 6 апта өткең соң инвазионды сатысына жетедi: олар беткей және терең арқа бұлшықеттерiнде, қабырғааралық бұлшықетте, желбезекте, жүзу қанатында, ішек қабырғасында және уылдырықта тiршiлiк етедi. Соңғы иелер описторхоз метацеркариймен зақымдалған шикі, қақталған немесе тоңазытылған балықты жегенде зақымданады. Соңғы иенiң жiңiшке iшегiнде олар цистадан босатылып, бауырдығы өт жолдарына өт өзегi арқылы енедi. Мұнда паразиттер тоқтайды да, өседi және 3-4 апта өткесiн толық жынысты сатысына жетедi. Осылай Opistorchis felineus жұмыртқадан толық жынысты сатысының Қоздырғышыныңдаму биологиясы 4-4,5 айға дейін созыладыАдам описторхозбен шикi немесе шала пiсiрiлген және қуырылған балықты жеу арқылы зақымданады. Азыққа жұқа етiп тiлiнген, тоңартылған шикi балықты пайдалану әдiсi Сiбiрде кең таралған, ол ауруға әкеп соғуы мүмкiн.Патогенезі описторхистар бауырдың өт жолдарында тiршiлiк етiп, паразит-тердiң токсикалық әсерiн күшейетiп, өт өзегiнiң кiлегейлi қабығына механикалық тiтiркеңдiргiшін тудырады. Бұл үдемел және созылмалы инвазияға, өт өзегiнiң қабынуына әкеп соғады. Бұдан басқа, описторхистар бауырда цирротикалық өзгерiстер тудырады. Паразиттердiң зат алмасу өнiмдерiн бауыр мен басқа мүшелердiң антигендiк әсер нәтижесiндегi патологиялық процесс қиындатады.Клиникалық белгілері. Ауру белгiлерi описторхозбен зақымдалған ақ түлкiлерде сары ауру, тәбеттiң төмендеуi, жабырқаулық жағдай, арықтау, ас қорыту жолының бұзылуы (iш өту iш қатумен алмасып отырады) байқалады, дене температурасы қалыпты. Жануарлар бауыр аумағында ауырсынуы сезiледi. Бауыры үлкейген, тығыздалған, жиi көптеген түрлi пiшiндi және мөлшерлi төмпешiктермен, сонымен қатар ұлпалардың сарғаюы байқалады.
Инвазия шамалы болғанда клиникалық белгiлерi болмауы мүмкiн.Патологиялық-анатомиялық өзгерiстері. Бауыр тығызданған, өт өзегi кенейген, кесiлген өзектерден сары-жасыл масса ағады, қабырғалары қалыңдаған. Кейде бауырда папиломатозды және аденоматозды өсiндiлербайқалады, ал иттерде iсiктер болуы мүмкiн.Балау клиникалық және Эпизоотологиялық негiзiнде, гельминто-көпрологиялық зерттеу нәтижесiнде қояды.Жұмыртқалары ұсақ, мөлшерi 0,01-0,02 х 0,02-0,03 мм, сарғыштау, қақпақшасымен, қабығы қалыңдаған. Иммунобиологиялық реакцияларды пайдалануға болады. Аллергендi еңгiзген соң, 10-20 минуттан кейiн (құлақ қалқанын бетiне 0,1 мг терi iшiне) зақымдалған жануарларда көрiнетiн және жеңiл ұстап қаралатын диаметрi 1,5-2 см папула пайда болады.Емі. Түлкi мен ақ түлкiлерге 12 сағат ашыққаннан кейiн бiр мәрте етпен қоса гексихолды бередi, дозасы 0,2-0,3 г/кг. Ауыр өткеңде препаратты 0,1-0,15 г/кг дозада 2 күн қатарынан бередi. Гексахлорэтанды 0,1-0,2 г/кг дозада етпен қоса, 12-18 сағат ашыққаннан бергеннен кейiн берудiң тиiмдiлiгi аз.Иттерге гексахлорпараксилол немесе гексахлорэтанды 0,1-0,2 г/кг дозада екi күн қатарынан беруі ұсынылады.Алдын алу шаралары. Етқоректi жануарларды описторхоздан зақымданудан сақтау үшiн ит, мысық терiсi бағалы аңдарды шикi, қақталған балықпен азықтандыруға болмайды. Аса қауiптi – Обь, Ертiс, Едiл өзендердiң балықтары.Қоғамдық профилактика суаттардың нәжiспен лайланбауын қадағалайды. Балық аулайтын флотта жапқыш жиыстырғыштарды жабдықтау керек. Бұдан басқа, кәсiпшiлiктiң жағдайын жақсартуда санитарлық талаптарды сақтау керек: халықтың гельминтологиялық сауаттылығын көтеру, әсiресе балықшылардың, аңшылардың, балық зауты персоналдарының, балық аулайтын флоттың.Описторхоз ауруы бар жерде адам шикi, шала пiсiрiлген немесе қуырылған, сонымен қатар аз тұздалған түрiнде балықты жеуден бас тарту керек. Метацеркарийлері бар қатырылған (-12 градус) балық еті қоздырушыны толық жоймайды. Адамдар шикі, шала піскен немесе ысталған балық етін жеуді шектуі шарт. Балық аулайтын флотилияларда биодәретханалар орнату, оларды тек порттарда арнайы орындарда босату шаралары қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет