1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы


Альвеококк (аlvecoccus) көптеген майда камералардан құралған көпiршiк



бет29/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2. Альвеококк (аlvecoccus) көптеген майда камералардан құралған көпiршiк. Альвеококкоз немесе көп камералы эхинококкоз – табиғи ошақты гельминтоз, онымен көбнесе кеміргіштер және жабайы етқоректілер ауырады. Гельминтоз қоздырғышы ақтық және аралық иелердiң қатысуымен дамиды. Ересек құрттар ақтық иелерiнiң - түлкiнiң, қарсақтың, иттiң, мысықтың (өте сирек) - ащы iшегiн мекеңдейдi. Ал, балаңқұрт сатысы-көпiршiктер ондатра, құмтышқан, соқыр, сауыр, сұр тышқан, алақоржын, дала мен орман тышқандарының бауыры мен басқа iшкi мүшелерiн мекеңдейді. Альвеококоз адамға өте қауіпті гельминтоз. Қоздырғышы. Имаго- Alveococcus multilocularis - эхинококк таспасына ұқсас, бiрақ одан сәл-пәл кiшiлеу-ұзындығы 2-3 мм, және соңғы бунағындағы жатыры домалақ, шар тәрiздi. Ларвоцисталық альвеококк көпiршiктерi өте ұсақ, клиникалықынан жүзім шоғындай боп көрiнедi, iшi протосколекстерге толы көптеген камералардан құралады. Қоздырғышының даму биологиясы. Ет қоректiлердiң нәжiсiмен бiрге клиникалыққы ортаға іші жұмыртқаға толы құрт бунақтары бөлiнiп шығады. Жұмыртқалары клиникалыққы ортаға өте төзiмдi, ұзақ уақыт тіршілігiн сақтай алады. Кемiргiштер бұларды жем-шөппен, сумен бiрге жұтып ауру жұқтырады. Олардың асқорыту ағзаларында жұмыртқа қабығы ерiп, босап шыққан онкосфера iшектiң кiлегей қабаты арқылы қан тамырларына енiп, қанмен бiрге бауырға және басқа мүшелерге тарайды. Олардың орналасқан жерiнде көптеген көпiршiктер пайда болады. Ит т.б. жыртқыштар альвеококкозға шалдыққан 79 кемiргiштердi жеп зақымданады. Бұлардың iшегiнде гельминттер 1-1,5 ай шамасында жынысы жетiлген сатысына жетедi. Эпизоотологиялық деректері. Альвеококкоз-табиғи ошақты ауру. Мәселен, ол Алакөл мен Балқаш көлдерiнiң маңында көп тараған. В.И.Бондарева (1986) Қазақстандағы альвеококкоздың табиғи ордаларын шартты түрде екi топқа бөледi: бiрiншiсi - iрi бөгендер мен өзен-көлдерi бар дала алқаптар, ал екiншiсi-тау қойнаулары. Қоздырғышты таратушылар негiзiнен тағы аңдар. Кезiнде қой мен iрi қараны кемiрушiлер сияқты альвеококктың аралық иелерi қатарына қосқан. Бiрақ, үй тұяқтыларының бұл гельминтоздың эпизоотологиясына ешқандай қатысы жоқ. Аңшы иттер аң аулау кезiнде альвеококк көпiршiктер бар кемiрушiлердiң iшкi мүшелерiнен зақымданады. Адам бұл дертке аңшылық-құсбегiлiктiң (түлкiнiң т.б. аң терiлерiнде гельминт жұмыртқалары болады) салдарынан, сондай-ақ ормандалада өсетiн жемiс-жидектердi жумай жеудiң әсерiнен шалдығады. Аурудың дамуы. Альвеококкозбен көбiнесе бауыр зақымданады, ал дерт асқынған шақта басқа iшкi мүшелерге де кеселi тиедi, олар көптеген өзгерiске ұшырайды. Көпiршiктер өсiп, үлкейiп, саны көбейiп, бауырды қысады, қызметiн бұзады. Ағзаның аумағы кiшiрейiп, ұлпасы жансызданып, кемiргiштердің өлімін туғызады. Балау. Альвеококкоздың клиникалық клиникалық белгiлерi зерттелмеген. Өлексенiң iшкi мүшелерiнен құрт көпiршiктерiн тауып балау қояды. Емi жоқ. Адамды хирургиялық жолмен емдейдi Алдын алу шаралары эхинококкозға ұқсас жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет