1.​Денсаулық сақтау экономикасы ғылым және пән ретінде. Экономика деген сөз грек тілінен алынған «oikonomike»


Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 68-бабы. Медициналық көмек көлемін қаржыландыру (Кодекс)



бет7/34
Дата08.02.2022
өлшемі73,56 Kb.
#118982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
2 Аралық бақылау жауаптары

7.Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 68-бабы. Медициналық көмек көлемін қаржыландыру (Кодекс)
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
68-бап. Медициналық көмектің көлемдерін қаржыландыру
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру: 
бюджет; 
азаматтардың бірлесіп төлеу кезіндегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті қаржыландыру: 
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері
азаматтардың бірлесіп төлеу кезіндегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
Медициналық көмектің қосымша көлемін қаржылық қамтамасыз ету осы Кодекстің 195-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
8.Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 69-бабы. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 69-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану Денсаулық сақтау саласындағы қаржы қаражаты:
қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту мен дамыту бағдарламаларын іске асыруға;
денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға;
медицина және фармацевтика ғылымдарын дамытуға және жетістіктерін ендіруге;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;
4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ақы төлеуге;
дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды сатып алуға;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге;
денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерін күтіп-ұстауға;
денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
4-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қалыптастырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шарттар жасасуға артықшылық құқығы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет