Патиссондар. Бұлар да кәді сияқты бұталы асқабақтарға жатады. Жемістер тәрелке формасында тісті өлкелі болып келеді. Тағамда патессондардың 3-5 күндік малтынған ашық – жасыл түсті, тығыз, күртілдек ақ жұмсақтық және майда дәнділерін қолданады. Асханада патиссондарды да кәділер сияқты қолданады, сонымен қтар оларды маринадтайды.
Кәділер. Олар бұталы асқабақтарға жатады. Бұл суыққа төзімді дақыл, 40-45 күн егістен кейін алынатын тауарлы жеміс. Тағамда 7-10 күндік малтынған – толық піспеген жемісі ұзартылған формада, ашық – жасыл түсті тығыз, күртілдек ақ жұмсақтық және жабайыланбаған дәнді. Кәді құрамында қант (4,9%), минералды заттар (0,4%) калий, кальций, фосфор, темір түрінде, сонымен қатар С, В1, В2, РР дәрумендері болады.
Асханада кәдіні қуыруға, бұқтыруға, фарштауға және көкөніс сорпасына қолданады.
Емдік тағамдануда кәділерді ішек – қарын ауруларына, жүрек ауруына, семіздікке қарсы ұсынылады.
Асқабақ. Бұл біржылдық етті көкөніс, оны біздің елдің Оңтүстік және Орталық өңірінде өсіреді.
Жеуге жарамды асқабақтың отаны Америка, ал бөтелке тәрізді асқабақты тамаққа Европа және Азия халықтары қолданып, сонымен қатар олардың әртүрлі тамырларын дайындады.
Ресейде асқабақ XVIғ бастап таныла бастады. Асқабақ мақсатына қарай асханалық, азықтық және техникалық деп, ал пісіп – жетілу уақытысына қарай ертерек, орташа, кешірек деп бөледі.
Асханалық асқабақтар қантқа (4%), пектинге, минералды заттарға (калий, кальций, фосфор, магний, темір) бай. Оның құрамында каротин (1,5мг % - ке дейін) көп мөлшерде болады және онда С, В1, В2, РР дәрумендері бар. Асханалық асқабақтар өлшемі мен формасына қарай – шар тәрізді, цилиндрлік, жұмыртқа тәрізді болып бөлінеді. Асқабақтың қабығы жатық яғни тегіс, торлы немесе қабырғалы болып, ал түсі ақ, сұр, сары немесе алқызыл болады.
Жұмсағы ақ, сары, ашық жасыл немесе алқызыл түсті болады.
Асханада тәтті, жұмсақ, жұмсағы шырынды алқызыл түсті асқабақты қолданады. Оларды ботқа, көкөніс сорпасын дайындауға, бұқтырмаға және ауруға пайдаланады.
Емдік тағамдарда клетчатканың азғана санының және калий мөлшерінің (170мг/%) жетіспеуінен асқабақты ішек – қарын жолдарының ауруына, жүрек, қан тамыр ауруларына жеуге ұсынылады.
Қарбыз. Бұл көпдәлдік нәзік жұсақты, Вананың төменгі жағында, Украинада, Орталық Азияда өсірілетін ірі жемістің түрі қарбыздардың жабайы осы күнге өнім түрін Оңтүстік Африкада кездестіруге болады. Ресейде қарбыздар бірінші рет 1660ж – дан бастап өсіріле бастады 19ғ олар кең таралды. Қарбыз құрамында көп мөлшерде фруктоза және глюкоза (8,7% - ке дейін) түріндегі қанттар, соған байланысты қарбыздың дәмдік сапасы өте жақсы болады олар минералдық заттар (0,6%), әсіресе онда көп мөлшерде магний, калий, дәрумендерді (С, В1, В2, РР) кездестіреміз.
Қарбыздарды асханалық цукаттық және азықтық деп бөлеміз. Қоғамдық тамақтану мекемесіне асханалық қарбыздар келіп түседі – олар формасына қарай (шар тәріздес, эллипс тәріздес, цилиндрлік және т.б.), қабығының қалыңдығына қарай (қалың қабықты, жұқа қабықты) қабығының суреті мен бояуына қарай (қанық – жасыл, жасыл, ақшыл жасыл), жұмсақтың түсіне қарай (қызыл, қызғылт) жұмсақ консистенциясына қарай (дәнді, талшықты) және пісіп – жетілу мерзіміне қарай (ерте, орта, кеш). Піскен қарбызды – кепкен сабағынан, жылтырының бетінен және қаққандағы дыбыстан анықтайды. Тағамда шырынды, тәтті, дәнді жұмсақты және жұқа қабықты қарбыздарды бағалайды. Асханада қарбыздарды жаңа күйінде қолданады және оларды компот, цукат дайындауда пайдаланады. Сонымен қатар оларды тұздауға және олардан қарбыздық (нардек – қарбыздың шырынынан жасалған бал) балды дайындауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |