1.Әдебиет теориясы


Егіздеу - екі нәрсені, құбылысты не ұғым мен сезімді қатар қойып, ұқсата, салыстыра суреттейтін тәсілдер



бет15/19
Дата09.06.2020
өлшемі30,13 Kb.
#72805
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Әдебиет теориясы
reflexive, программа-полиязычного-образования-каз
Егіздеу - екі нәрсені, құбылысты не ұғым мен сезімді қатар қойып, ұқсата, салыстыра суреттейтін тәсілдер. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде егіздеу тәсілі қолданылған.

...Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен

Аспандап ұшқан, қызғыш құс,

Сені көлден айырған-

Лашын құстың екпіні

Мені елден айырған-

Хан Жәңгірдің тепкіні

(Махамбет)

Ассонанс шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы (мазмұнға лайық). Махамбет өлеңіндегі

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?!- деген жолдар бірыңғай «е» дыбысынан басталып, ақынға тән ақтарыла, ағындап, ұрандап тұр.

Аллитерация - өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді.

Көптер көзін тіккендей,

Көп соңына түскендей,

Көптің несін алыппын?!

Көп кісіден анықпын!

(Махамбет)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет