1.Әдебиет теориясы



бет18/19
Дата09.06.2020
өлшемі30,13 Kb.
#72805
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Әдебиет теориясы
reflexive, программа-полиязычного-образования-каз
Шұбыртпалы ұйқас - өлеңнің бірнеше тармағы ұйқасып келіп, ара-тұра тармақтарының ұйқаспауы. Исраил Сапарбайдың «Анаңнан асыл бар ма екен?» өлеңінен үзінді:

Босамай ерні күбірлеп,

Құдайға құлша жүгінген.

Береке іздеп бүгіннен

Ертеңге ессіз үңілген.

Тағдырдан көріп тауқымет

Табаны тасқа тілінген.

Жүдеген жүзі жан көрсе,жүрегін ала жүгірген-

Анаңнан асыл бар ма екен?

Ерікті ұйқасақынның таңдауы бойынша өлең жолдарының қажетті жерінде ұйқас келуі. Ерікті ұйқас көбіне жыраулардың шығармаларына тән.

Ойыл деген ойынды

Отын тапсақ тойынды

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің.

(Асан қайғы)

Аралас ұйқас - әр түрлі ұйқастың не шумақтың белгілі бір тәртіппен араласып келуі.

Айталық, Қадір Мырзалиевтың «Қазақтарды шетелдік қонақтармен таныстыру» өлеңі аралас ұйқасқа құрылған.

Қазақ осы: а

Айтатұғын жерге сыр б

О, ағайын, в

Халық емес ол кесір. б

Қазақ осы: а

Аңғал-саңғал, г

Жабусыз, д

Қазақ осы: а

Ағыл-тегіл е

Көл-көсір. б

Бунақ - өлең жолдарындағы кідіріс не түскен екпіннің әсерінен бөлінген әр жік.

Буын сандарына қарай бунақ та әрқилы болып келеді. Мысалы, Қасым Аманжоловтың

«Сарыарқа» өлеңі үш бунаққа бөлінеді.

Сарыарқа // сап-сары алтын // жүзген нұрға,

Қоналқы // мекен болған // сан ғасырға.

Сайран тау,//самал жайлау,//сырнайлы өзен

Лебімен // алар тартып,// шықсаң қырға.

Темірхан Медетбектің «Айтыс» өлеңі екі бунақтан құрылған.

Қоймаған соң // қолқалап,

Сөзден жасын // ататын

Шыға келген // ортаға

Екі жақтан // екі ақын





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет