1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет17/78
Дата03.07.2020
өлшемі153,37 Kb.
#74842
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Байланысты:
Социология

Тест № 3

1. Социологиялық зерттеу дегеніміз не?

A. Нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.

B. Теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырым

C. Адамдардың алатын орнының маңыздылығының бағасы

D. Ар ождан еркіндігі принципі

E. Әлеуметтанулық білім деңгейін анықтайды
2. Зерттеу барысында алғашқы қадам не болып табылады?

A. Зерттелетін проблеманы анықтаудан

B. Материал іздеуден

C. Зерттеушілер тобын жинаудан

D. Тәжірибе жүргізуден

E. Бақылау жүргізуден


3. Зерттегіміз келетін нәрсе жайлы көбірек білу үшін неден бастағанымыз жөн?

A. Басқа ғалымдардың зерттеулерін шолудан бастау керек

B. Материал көздерінен іздеуден бастау керек

C. Нұсқаушыдан кеңес алудан

D. Ниетің болуы керек

E. Практикалық жұмыстан бастау керек


4. Гипотеза дегеніміз не?

A. Теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырымдама

B. Әлеуметтік стратификацияның негізгі өлшемі

C. Әлеуметтік тәртіптің негізгі элементі

D. Байқауға негізделген әдіс

E. Бөлінуге, оқшаулануға талпыну


5. Операцияландыру дегеніміз не?

A. Айнымалы мәнді қалай өлшеуге болатынын анықтау процесі

B. Білім беру үлгісі

C. Мәдени көзқарас қалыптастыру

D. Жастарды кемсітушілікті білдіретін ұғым

E. Айнымалы мәннің нәттижесін шығару


6. Себеп-салдар теорияларын сынау үшін тәуелсіз айнымалы шаманы зерттеуші басқарып отырып зерттейтін әдісті қалай атаймыз?

A. Эксперимент

B. Гипотеза

C. Құжат талдау

D. Сауалнама

E. Анкета

7. Эксперименттің кемшілігін атаңыздар?

A. Адами түрғыдан дұрыс болмауы мүмкін

B. Қоғамның қалауына қарай біржақты болып шығуы мүмкін.

C. Үлкен топтың атынан өкілдік ете алмайтын шағын топтармен шектеледі

D. Жазылған деректерді талдау үшін ғана пайдалы

E. Қолжетімді деректермен ғана шектелген


8. Сауалнаманың артықшылығы неде?

A. Өте әмбебап

B. Себеп пен салдарды зерттеу үшін өте ыңғайлы.

C. Мінез-құлық пен көзқарастарды мэндік түрғыдан зерттейді

D. Арзан

E. Зерттеуші деректерге әсер етпейді


9. Құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгеніне байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

A. Ресми және ресми емес

B. Қысқа және ұзақ

C. Ресми және жасанды

D. Түпнұсқа және жасанды

E. Көлемді және көлемсіз


10. Сапалық деректер қандай мүмкіндік береді?

A. Белгілі бір проблеманы, белгілі бір іріктелген адамдар тобымен зерттеуге мүмкіндік береді

B. Белгілі бір проблеманы жеке шешуге мүмкіндік береді

C. Белгілі бір проблеманы тез шешуге мүмкіндік береді

D. Белгілі бір проблеманы зерттеуге мүмкіндік береді

E. Белгілі бір проблеманы, белгілі бір материалмен іздеуге зерттеуге мүмкіндік береді


11. Сапалық деректерді жинаудың сандық деректерді жинауға қарағандағы артықшылықтары неде?

A. Арзан және қолайлы

B. Қымбат

C. Бағасымен ұтымсыз

D. Жинау оңай

E. Жеңіл
12. «Зерттеушінің бұрынғы тәжірибесі, тұжырымы мен қолданған теориясы зерттеуге қатты ықпал етеді» деген кімнің сөзі?

A. Филлипс Хансон

B. Үнді ғалымы Йодха

C. Паттонның

D. К. Маркс

E. Р.Л. Джонстоун
13. Дерек жинаудың тиімді деп танылған бір ғана әдісін қолдану қандай ой туғызуы мүмкін?

A. Зерттеудің сенімділігі мен шынайылығына күмән келтіреді

B. Зерттеудің сенімділігі мен шынайылығына күмән келтірмейді

C. Зерттеудің сенімділігіне үреймен карай?

D. Зерттеудің сенімділігі мен шынайылығына теідей көреді

E. Зерттеудің дайындығына мен шынайылығына күмән келтіреді


14. Мазмұнына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

A. Экономикалык, кұкықтық, тарихи, техникалык, т.б. болып топтаскан

B. Ресми және ресми емес

C. Қысқа және көлемді

D. Экономикалық және қысқа

E. Техникалық және ресми

15. Құжаттың әлеуметтанулық анықтамасы қандай?

A. Ақпаратты сақтау мен жеткізу үшін адамның арнайы жасаған дүниесін атаймыз

B. Себеп-салдар теорияларын сынау үшін тәуелсіз айнымалы шаманы зергтеуші басқарып отырып зерттейтін әдіс

C. Мінез-құлық пен көзқарастарды мәндік түрғыдан зерттейді

D. Кез келген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді әрі ауқымды, кездейсок таңдалған топтар арасында жүргізуге болады

E. Жалғыз зерттеушінің түсіндіруіне негізделеді

16. Проблеманың ауқымын зерттей алатындай етіп тарылту үшін ғалымдар неге зер салады?

A. Айнымалы шамаларға

B. Әдіске

C. Құжатқа

D. Салтқа

E. Адамдарға

17. Қатыса отырып бақылаудың артықшылығы неде?

A. Мінез-құлық пен көзқарастарды мэндік түрғыдан зерттейді

B. Өте әмбебап

C. Арзан


D. Себеп пен салдарды зерттеу үшін өте ыңғайлы

E. Тарихи зерттеулер үшін пайдалы

18. Эксперимент нәтижесін бүкіл қоғамға тән құбылыс деп жалпыландыруға бола ма?

A. Болмайды

B. Болады

C. Теңдей қарау керек

D. Болады, болмайды

E. Жауабы жоқ

19.Сауалнама сұрағын қалай қоямыз?(дұрыс емес жауапты тап)

A. Эксперимент

B. Бақылау

C. Сұрақ қою

D. Бетпе-бет сұхбаттаму арқылы

E. Теленфон арқылы

20.Ақпаратты жинау әдістеріне қайсысы жатпайды?

A. Сурет салғызу

B. Эксперимент

C. Сауалнама

D. Құжат талдау

E. Бақылау


4 Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
Жоспар:

1. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу ( К.Маркс, М.Вебер)

2. Қоғам, теңдік және теңсіздік

3. Стратификация әртүрлі топтар арасындағы құрылымдаған теңсіздік ретінде

4. Әлеуметтік мобильдік. Көлденең және тік мобильдік. Әлеуметтік стратификация формалары (П.Сорокин)
Кілт сөздер: стратификация, теңсіздік, тап, билік, мәртебе, пролетариат, буржуазия, әлеуметтік мобильділік.
Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамдарда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп. Теңсіздік екі жағдайда: теңсіздік әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметтікнормаларға сүйеніп, институттандырылса; теңсіздік адамның жеке қасиеттерінен гөрі топ мүшелігіне негізделсе (мысалы, үйдің үлкендері немесе «көк жағалы жұмысшылар» деп) - стратификацияға айналады. Теңсіздікті талқылау барысында назар аударатын шектеулі ресурстар әдетте үшке бөлінеді: бедел, билік және байлық. Бедел де мәртебе сияқты, яғни ол бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет білдіру. Билік-басқалардың қалауына қарамастан, оларға ықпал ету немесе үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру. Егер бедел, билік немесе байлық теңсіздігі әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметтік нормаларға сүйеніп, топтық мүшелікке негізделген болса - стратификация бар деген сөз.

Стратификация құрылымының түрлері. Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп. Қоғамдар арасындағы басты айырмашылық теңсіздіктің белгіленген және қол жеткен мәртебелеріне негізделу деңгейінен туындайды. 4-бөлімде айтылғандай, аскриптивті (белгіленген) мәртебе - туа біткен табиғи және мирас жолымен берілетін, өзгермейтін мәртебе. Қол жеткізген мәртебе - адамның өмір жолында иеленетін мәртебелері. Мысалы, афроамерикалық болу немесе ер адам болу - белгіленген мәртебе, ал сотталған, бұрын сотталған адам болу немесе дәрігер болу - қол жеткізген мәртебе. Әрбір қоғам шектеулі ресурстарды кейбір белгіленген, кейбір қол жеткізген мәртебелерге қарай үлестіреді, бірақ олардың арасындағы тепе-теңдіктен айырмашылық басым. Шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификацияның құрылымы касталық жүйелер деп аталады; қол жеткізген статусқа негізделген құрылым таптық жүйелер деп аталады.

Таптар нешеу? Таптық жүйелер - реттелген мәртебелер жиыны. Оған қандай мәртебелер кіреді және олар қалай жіктеледі? Бұл тарауда осы сұрақтарға екі теориялық және екі практикалық жауап беріледі.

Маркс: буржуазия және пролетариат. Карл Маркс (1818-1883) әлеуметтік құрылым екі таптан тұратынына сенімді болған. Оларды дәулеттілер және кедейлер деп атауға болады, Маркс оларды буржуазия және пролетариат деп атаған. Буржуазия - жұмыс үшін қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс құрал-жабдықтарын иеленген тап. Пролетариат онымен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан олар үстемдік етуші тапқа жалданып өмір сүреді. Маркстің пікірінше, тапқа жіктеу, ең алдымен, өндірістік құрал-жабдықтарды игеруге байланысты. Әлбетте, өндіріс құралдарының еңбекке қатысы бар, бірақ бұл екеуі бір мәнге ие емес. Маркстың айтуынша, колледж оқытушысы, жергілікті Sears дүкенінің менеджері және қоқыс жинайтын қала қызметкері - барлығы бірдей пролетариат болып саналады, себебі олар басқа біреуге қызмет етеді. Алайда қоқыс жинаушы жұмысын өз көлігімен орындайтын болса, Маркс оны буржуазияның мүшесі деп санайды. Оның пікірінше, басты фактор - адамның қанша ақшасы болуы немесе қандай жұмыс атқаратыны ғана емес, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуі мен еңбектің өз бақылауында болуы да. Әрине, Маркс «жекеменшік көлігімен қоқыс жинайтын адамдарға қарағанда дүкен менеджерлері табысты» деген қалыптасқан ортақ пікірді елеусіз қалдырмаған. Алайда менеджерлер мен көше сыпырушылар таптық сананы дамытып - өздерінің таптық гүбірін түсініп, таптық жүйелермен күресу үшін бірігеді деп үміттенген.

Вебер: тап, мәртебе және билік. Маркстың жазбалары жарық көргеніне ондаған жылдар өткен соң, Макс Вебер (1864-1920) таптарға жіктеудің біршама кеңейтілген жүйесін ұсынды. Маркс тұжырымдаған, қоғамды тапқа жіктеудің екі өлшемді жүйесінің орнына, Вебер стратификация жүйесін адамдардың орнын анықтайтын үш тәуелсіз өлшеммен толықтырды. Олардың біреуі - Маркс мәлім еткен тап өлшемі. Екіншісі - билік, ал үшіншісі - әлеуметтік беделді немесе әлеуметтік ерекшелікті білдіретін мәртебе. Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдастықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай-ақ мүдделері, құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақырады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қарекетпен айналысады. Вебер «жоғары мәртебе мен билікке қол жеткізудің экономикалық негіздері бар» деген оймен келіседі. Алайда олардың әлеуметтік теңсіздікке әсері тәуелсіз деген. Атап айтқанда, Вебердің пікірінше, мәртебе экономикалық билікке жиі қарама-қайшы келіп, «тек қана» байлығы бар адамдардың талаптарына тосқауыл болады. Мәселен, мафия мүшесі көп қаражатқа және өндіріс құралдарына (бордель, героин өндіретін зауыт немесе казино) ие болса да кең қоғамдастықта абыройлы болмайды.

Халықаралық деңгейдегі теңсіздік. Теңсіздік мемлекеттер арасында, сондай-ақ мемлекеттердің ішінде де кездеседі. Алдағы тарауда дүниежүзі аймақтарындағы теңсіздіктің табиғатын, себептерін және зардабын қарастырамыз. Мұнда АҚШ-та орнаған теңсіздік мәселесіне баса назар аударылған. Халықаралық деңгейдегі теңсіздіктің ұдайы өсуі - әлемдік шеңберде танылған жайт. Мысалы, АҚШ-та жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 47 094 АҚШ долларын құрайды, ал Сьерра-Леонеде - 809 АҚШ доллары ғана (БҰҰ-ның даму бағдарламасы, 2011). Америка Құрама Штаттарында орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 80 жыл, Сьерра-Леонеде - 48 жыл ғана. Жаппай теңсіздік құбылысы табыс пен денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен әділеттілікке де тән болып, қазіргі халықаралық қатынастардың қозғаушы күшіне айналды. Жаппай теңсіздік саяси тұрақсыздыққа, салауатты және бақытты өмір сүру мүмкіндігін әділетсіз теңсіздікке әкеп соқтырады. Сондықтан әр мемлекет бай болсын, кедей болсын, халықаралық деңгейде теңсіздікті бәсеңдетуді қолдайды. Олай болса, ең тиімді де түбегейлі өзгерістер әкелетін жол - даму жолы. Даму - қоғамның еңбек өнімділігін жетілдіру және өмір сүру сапасын жоғарылату процесі; ол өмір сүру ұзақтығына, өмір сүруге қажетті материалдық игіліктердің болуына, білім алу саласының кеңеюіне, тұрғын үй құрылысының жақсаруына және тұтыну тауарларының сапасы артуына септігін тигізеді. Бірақ даму нақты болжамды, бір бағытты процесс емес. Мәселен, Корея Республикасы (көбінесе Оңтүстік Корея деп аталады) сияқты кейбір елдер басқаларымен салыстырғанда қарқынды дамып келеді. Ресей мен Аргентина секілді мемлекеттер уақыт өте келе дамуы төмендеген немесе көп жылдар бойы өзгермеген мемлекеттерге айналды.

Үш түрлі әлем: қарқынды дамыған елдер мен дамуы төмен елдердің арақатынасы

АҚШ халқын үш әлеуметтік тапқа жіктегендей, әлемдегі басқа елдерді де солай жіктеп қарастыруға болады. Қарқынды дамыған елдер - әлеуметті экономикасымен және саяси тәуелсіздігімен белгілі Құрама Штаттар, Жапония және Австралия секілді мемлекеттер. Бұл елдердің жалпы халық саны әлем халқының шамамен 20 пайызын құраса да, әлемдік жалпы өнімнің 80 пайызын өндіреді және әлемдегі автомобильдердің 90 пайызын иеленеді (Халықтық анықтамалық бюросы, 2011а). Сальвадор мен Қытай сияқты орташа дамыған елдер әлемдік саяси экономикадағы орта шептен орын алады. Олардың өмір сүру деңгейі ең дамыған елдерден әлдеқайда төмен, бірақ дамуы төмен мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Әлемдегі халықтың қалған 75 пайызы төмен дамыған елдерде тұрады. Гаити және Сьерра-Леоне сияқты елдердің ерекше сипаттары - кедейлік пен саяси әлсіздік. Олардың халқының саны, саяси идеологиялары мен ресурстары бойынша айырмашылықтары айтарлықтай болса да, дамуға бағытталған шараларды іске асыруға ынталанбауы бірдей.

Әлеуметтік мобильділік - бұл әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі.

Адам туылғанда аскриптивті немесе маңдайға жазылған мәртебе деп аталатын өзінің ата-аналарының мәртебесін алады. Ата-аналары, туыстары және отбасына жақын адамдар баланың бойына өздерінің мінез-құлық нормаларын, тиісті және мерейлі нәрселер туралы түсініктерін сіңіреді. Алайда адам өзі қызметінің белсенді кезеңінде бұл қабаттағы жағдайына қанағаттанбауы, одан да зорына ұмтылуы және қол жеткізуі мүмкін. Соңғы жағдайда ол қол жететін мәртебеге ие болады. Егер де адамның мәртебесі неғұрлым мерейлі, жақсы мәртебеге өзгерсе, онда (тік) жоғарылау мобильділік орын алды деуге болады. Алайда адам өмірде кездесіп тұратын алапаттар (жұмысынан айрылу, ауырып қалу, т.с.с.) салдарынан төменгі мәртебелер тобына өтуі де мүмкін - бұл кезде (тік) төмендеу мобильділік орын алады. Зерттеушілер әлеуметтік мобильділіктің барлық түрлерін (ұрпақаралық, кәсіптік және т.б.) бөліп қарауға мүмкіндік беретін статистикалық рәсімдер мен көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, бұл жалпы алғанда халық қозғалысының әр алуан түрлерін талдауға мүмкіндік береді. Тігінен орын ауыстырулардан (жоғарылау және төмендеу мобильділіктер) басқа көлденеңінен орын ауыстырулар болады, ол табиғи мобильділіктен (бір жұмыстан екінші жұмысқа мәртебесін өзгертпей ауысу) және аумақтық мобильділіктен (бір қаладан екінші қалаға көшу) құралады.

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеутеттік ірі мәселелермен, мысалы, қоғмның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негігі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.

Сорокиннің пікірінше, стратификация негізінде басқарушы және басқарылатындар таптарына бөлінуді туғызатын түрлі функциялар жатыр; қоршаған орта – қолайлы немесе қолайсыз; әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және қалыпты жағдайы деп санады. Ол объективті түрде еңбектің қоғамдық бөлінісімен, мүліктік теңсіздікпен, түрлі саяси бағдарлармен негізделген.

Адам кәсібін немесе қызмет түрін, өзінің экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарасын өзгерте отырып, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік жылжу деген атқа ие болды. Сорокин әлеуметтік жылжудың көлденең және тік болып бөлінетіні туралы айтады.

Көлденең жылжу адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратификацияның сол деңгейінде бола тұра бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуін білдіреді.

Тік жылжу – бұл адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне иерархиялық тәртіппен, мысалы, қоғамның төменгі тобынан аса жоғары немесе керісінше – жоғары топтар төменгісіне өтуі.

П. Сорокин үш стратификациялық құрылысты (экономикалық, кәсіптік және саяси) басшылыққа алады. Пікірлердің әртүрлілігіне қарамай, әлеуметтік стратификацияға мынадай жалпы анықтама беруге болады:

Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттары) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді (құлдық, түрліше касталар, сословиелер, және таптар).
Тест

1.«Стратификация» - бұл....

A.Әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан анықтайтын теңсіздіктің институттық құрылымы

B.Адамның әлеуметтік таптағы орнының жоғары немесе төмен ауысуы

C.Бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет білдіру

D.Жік, мәртебе және билік белгілері ұқсас, өзара теңдікті сезінетін адамдар санаты

E.барлық жауап қате

2.Карл Маркс әлеуметтік құрылымның екі таптан тұратынына сенімді болған. Олар:

A.Буржуазия, пролетариат

B.Буржуазия, мәртебе

C.Пролетариат, мәртебе

D.Буржуазия, тап

E.Пролетариат, билік

3.Қарқынды дамыған елдер қатарын көрсетіңіз:

A.Норвегия,АҚШ,Канада,Жапония,Корея Республикасы (Оңтүстік Корея)

B.Сауд Арабиясы, Ресей Федерациясы,Бразилия,Қытай

C.АҚШ,Канада,Жапония,Эль Сальвадор

D.Руанда,Гаити,Конго демократиялық республикасы, Зимбабве

E.барлық жауап қате

4.Норвегия мемлекетінің өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші:

A.81

B.72


C.48

D.47


E.82

5.АҚШ-тың кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретін афроамерикалықтар (миллион адам)

A.10,7

B.19,6


C.13,2

D.1,7


E.16,4

6.АҚШ-тың кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретін 18-24 жас аралығындағы азаматтар (пайыздық үлесі):

A.6,5

B.6,3


C.5,0

D.1,8


E.3,5

7.Бір күндік өмір сүруді бағалаумен шектелу дегеніміз не:

A. «Кедейлік сана сезім»

B. «Америкалық арман»

C. «Иемденудің жанама үлгісі»

D. «Өздігінен орындалатын болжам»

E. «Репродуктивті еңбек»

8.Жоғары тап халықтың шамамен неше пайызын құрайды?

A. 1%

B. 3,3%


C. 2%

D. 4%


E. 5,3%

9.Байлық дегеніміз не?

A.Жеке тұлға немесе үй қожалығының иелігіндегі ақша мен материалдық игіліктер құны

B.Белгілі бір уақыт аралығында алынатын ақша көлемі

C.Белгілі бір ел ішіндегі табыс көлемінің айырмашылығы

D. Ата-ананың өз баласына әлеуметтік мәртебесін толық қалыптастырмау

E.Барлық жауап дұрыс.

10.Рэндал Коллинздің көзқарасы бойынша, стратификацияның белгілі теориялары:

A. «Сәтсіздік»

B. «Мультикуазальды әлем»

C. «Монокуазальды әлем»

D. «Адамның жеке меншілікке қатынасы»

E.Барлық жауап қате.

11.Брахмандар-бұл..

A.Діни адамдар

B.Жауынгерлер

C.Көпестер

D.Шаруалар

E.Құлдар

12.Әлеуметтік стратификацияның тарихи формалары:

A. барлық жауап дұрыс

B.касталар

C. құлдық

D. сословиелер

E. таптар

13.П.Сорокиннің тұжырымдамасы бойынша жоғары тап неше пайызды құрау керек?

A.3-5 %-дан ауыспауы тиіс

B.5-10%-ды құрауы тиіс

C.5-6%

D.6-8%


E.3-8%

14.Ауылдан қалаға көшу, студенттің бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы бұл:

A. Көлденең мобильдікке мысал

B.Тік мобильдікке мысал

C. Жоғары тапқа мысал

D.Ортаңғы тапқа мысал

E.Төменгі тапқа мысал



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет