Дәріс 5
Әлеуметтену және бірегейлік
Жоспары:
Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид)
Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі
Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп
Рөлдер және мәртебелер
Әлеуметтену деген не?
Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі. Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа да адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |