1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Әлеуметтену жөніндегі теориялық көзқарастар



бет21/78
Дата03.07.2020
өлшемі153,37 Kb.
#74842
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Байланысты:
Социология

Әлеуметтену жөніндегі теориялық көзқарастар:

Құрылымдық-функциялық теория

Барлық құрылымдық-функцияшылдық талдаудың алғышарты – Функционалды қоғамға оның барлық элементтерінің ортақ игілік үшін үйлесімді жұмыс істеуі. Бұл әлеуметтенудің құрылымдық-функциялық талдауына да қатысты.

Құрылымдық функцияшылдар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік мекемелер балаларды әлеуметтік өмірге еркін араласуы үшін әлеуметтендіреді деп санайды. Отбасында балалар өз-өзін ұстауды, мектепте уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім жасауды, жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйренеді.

Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеуметтену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Алайда осы теорияның сыншылары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру кезінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл – конфликт теориясы ғалымдарының көзқарасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет