1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет132/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

І кезең-жәй ұйқы. Ұйқы жеңіл және бірнеше минутқа ғана созылады. Бұл кезеңде ағзаның физиологиялық белсенділігі төмендейді, өмірлік маңызды мүшелердің қызметі, зат алмасу процестері бәсеңдейді. Адамды ояту оңай, егер ұйқы бөлінбесе, 15 минуттан кейін ІІ-кезең байқалады.
ІІ кезең - жәй ұйқы. Ұйқы терең емес, 10-20 минутқа созылады. Өмірлік функциялар әрі қарай әлсірейді, толық босаңсу байқалады.
ІІІ кезең-жәй ұйқы. Ең терең ұйқы кезеңі, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту қиын. Өмірлік маңызды функциялардың әлсіреуі жалғасады.
ІV кезең-жәй ұйқы.Терең ұйқы, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңде физикалық күштің қалпына келуі байқалады. Өмірлік маңызды функциялар ояу қалпына қарағанда әлсіз. ІV-кезеңнен соң 3-ші және 2-ші кезеңдер қайта байқалады, содан соң ұйқының 5-ші кезеңі байқалады.
V кезең-тез ұйқы. І-кезеңнен 50-90 минуттан соң түрлі түстер байқалады. Көздердің аз қимыл -әрекеттері, жүрек соғуы, тыныс алу жиілігі, қан қысымы өзгереді. Дене бұлшық еттерінің тонусы төмендейді. Бұл кезеңде адамның психикалық қызметтері қайта қалпына келеді, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңнің созылу уақыты –шамамен 20 минут.
V-ші кезеңнен кейін қысқа уақыттан соң 4, 3, 2 содан соң қайтадан 3, 4 және 5-ші кезеңдер яғни, ұйқының келесі циклы байқалады.
Адамның ұйқысына бірнеше факторлар әсер етеді: физикалық талығу, дәрілік заттар, есірткілер, өмір сүру қалпы, эмоционалды стресс, қоршаған орта және физикалық жүктеме. Ауырсынумен, физикалық әлсіздікпен, уайыммен, депрессиямен сипатталатын кез-келген ауру ұйқы бұзылуына алып келеді. Мейірбике науқасты тағайындалған дәрілердің жалпы және ұйқыға әсерімен таныстыруы керек.
Демалу - физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда жатып қана емес, сонымен қатар арнайы жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық, басқа адамдардың болуы демалуға кедергі жасауы мүмкін.
Қозғалу қажеттілігіадам үшін қимыл - әрекеттердің шектелуі немесе мүлдем жоғалуы адам үшін көп мәселе тудырады. Мұндай жағдай аяқтардың жарақаттарында, созылмалы аурулардағы ауырсынумен, бас ми қан айналымы бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. Қимыл - әрекеттердің жоғалуы ойылу дамудың қауіпті факторларына жатады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылулары жүрек пен өкпе қызметіне әсер етеді. Қимыл -әрекеттердің ұзақ мерзімді жоғалуы ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерге: диспепсия, метеоризм, анорексия, іштің өтуіне, іштің қатуына алып келеді. Сонымен қатар зәр шығару қызметі бұзылып, қуық инфекциясына алып келеді. Науқастың басты мәселесі адам тұлғасының қалыптасуына елеулі әсер ететін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алмайды.
Қауіпсіз болу - көпшілік адамдар үшін қауіпсіз болу сенімділік пен жайлылықты, ыңғайлылықты білдіреді. Науқастың кереуеті немесе каталка жақсы бекітілгенде, палата едені құрғақ болғанда, онда бөтен заттар болмағанда, жарық жеткілікті болғанда, көру нашар болғанда көзілдіріктің болуы науқаста қауіпсіздік сезімін туғызады. Науқас өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар айналасындағыларға зиянын тигізбейтініне сенімді болуы керек, стресті жағдайлардан қашу керек.
Әлеуметтік қажеттіліктер - бұл жанұяға, достарына, олармен қарым-қатынасқа, қолдауға т.б. қажеттілік. Егер адам өзін қажетсіз, жалғыз, ешкімге керексіз сезінсе, демек оның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттанбаған.
Қажеттіліктерді реттей отырып сыртқы орта факторларын ескеру қажет.
Қажеттіліктерді қанағаттандырудың деңгейіне байланысты болған сыртқы факторларға адамның қоршаған орта жағдайлары жатады.
Өзгертуге болмайтын факторларға: адамның жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы жатады.
Адамның өмір сүру қалпына әсер ететін қауіп факторлары қажеттіліктерді қанағаттандыру бұзылуларына алып келуі мүмкін. Оларға: экология, гиподинамия, артық дене салмағы, зиянды әдеттер, стрестік жағдайлар т.б. жатады. Оларды төмендегідей топтауға болады:

Салалар


Денсаулық
үшін маңыздылығы
шамамен %

Факторлар



Өмір сүру түрі

Адам генетикасы, биологиясы


Сыртқы орта, табиғи ауа райы жағдайлары


Денсаулық сақтау

49-53 %

18-22 %

17-20 %
8-10 %


-темекі тарту, арақ ішу
-есірткі қабылдау
-дәрілерді көп қабылдау
-дәрілерден бас тарту
-еңбектің зиянды жағдайлары
-стрестік жағдайлар
-дұрыс тамақтанбау
-адинамия, гиподинамия
-әлеуметтік материалды жағдайдың төмен болуы
-жанұяның толық болмауы
-жалғыздық
-білім және мәдениет деңгейінің төмен болуы

-тұқым қуалау ауруларына бейім-ділік


-дегенеративті ауруларға бейімділік

-ауаның канцерогендермен ласта- нуы


-судың ластануы
-топырақтың ластануы
-атмосфералық құбылыстардың бірден өзгеруі

-профилактикалық шаралардың тиімсіздігі


-медициналық көмектің төмен сапасы
-уақытылы медициналық көмек көрсетілмеу



1943 жылы американдық психолог А.Маслоу адамның қымыл-әрекетін анықтайтын қажеттіліктер иерархиясы теорияларының бірін ұсынды. Бұл теория бойынша кейбір қажеттіліктер басқаларына қарағанда адам үшін маңыздырақ болып келеді. Соған сәйкес ол оларды иерархиялық жүйе бойынша жіктеді.
Пирамиданың 1-ші сатысы.
Маслоу пирамидасының 1-ші сатысынсыз өмір сүру мүмкін иемес. Бұл тірі қалу мұқтаждықтары, оған жататындар:

  1. Тыныс алу

  2. Тамақтану

  3. Су ішу

  4. Бөлу (шығару) мұқтаждықтары

Бұл мұқтаждықтар төменгі физиологиялық мұқтаждықтар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет