Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы
Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.
Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісі шамалы лайланған, оны дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.
Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады. 0,25% ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.
Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.
Сүтегінің асқын тотығы- 3-4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады.
Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%) белсенді хлор кіреді. Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады. Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек. Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялауға арналған.
Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері
Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.
Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).
Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |