1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі



бет22/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:

  1. Қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру.

  2. ЕСҰ аймағында (А класы) және арнайы ажыратылған бөлмелерде (Б, В, Г, Д класы) медициналық қалдықтарды контейнерлерде уақытша сақтау.

  3. Қалдықтарды жоюға тасымалдау.

Қалдықтар су өткізбейтін қағаз қаптарда, пакеттерде, металл немесе пластмасса контейнерлерде жиналады. Әрбір контейлердің класына қарай өз түстері бар:
А класы – ақ, Б класы-сары, В класы- қызыл, Г класы-қара, Д класы – радиоактивті қауіптілік белгісімен маркерленеді.
Контейнерлер 2/3 бөлігіне дейін толтырылады және жұмыс орнында 1 тәуліктен артық сақталмайды. Контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы арба қолданылады.
Тиым салынады: арбаларды басқа мақсатта қолдануға, жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы қалдықтарды араластыруға, контейнерлерді – электрқыздырғыш аспаптарға жақын қоюға; қалдықтарды қолғапсыз жайғастыруға.
Б, В клас қылдықтарын уақытша сақтау бөлмелерінде контейнерлерді жуу, зарарсыздандыру және таза ыдыстарды сақтау бөлмелері болу керек.
А класының қалдықтарықауіпсіз - әкімшілік-шаруашылық бөлмелерде, бөлімше палаталарында (инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары, буфет, ұйым аймағында (инфекциясы жоқ қағаз, құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.
Б класының қалдықтары - қауіпті (қатерлі) - операциялық, реанимациялық және басқа манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу, таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлімшелерде, клинико-диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші патогенділік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы бөлме, әжетханаларда болады.
В класының қалдықтары - төтенше қауіптілер - аса қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ ауруы палаталарында, 1-2-ші патогендік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, фтизиатриялық клиникаларда болады. Анаэробтық инфекциясы бар пациенттерден шығатын медициналық қалдықтар.
Б және В тобы қалдықтарын зарарсыздандыру қажет. Зарарсыздандырудан соң олар бір рет қолданылатын пакеттер салынған ыдыстарға салынып, қақпағы жабылады. Пакеттердің 2/3 көлемі толғаннан кейін бетперде және резеңке қолғап киіп пакеттер байланып, қатты өндірістік қалдықтар полигонына тасымалданады. Өртеуге жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды. Қолданылған кесетін және басқа үшкір заттар (шприц, ине, система, ампула) жеке контейнерлерге жиналады, жоюға жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет