1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Г класының қалдықтары - құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын медициналық қалдықтар -



бет23/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Г класының қалдықтары - құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын медициналық қалдықтар - диагностикалық, химиотерапевттік, патологиялық бөлімшелерде, фармацевтикалық цехта, аптека, химиялық лабораторияларда болады: жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, диагностикалық препараттар, вакциналар, зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер және басқа да химиялық заттар, құрамында сынабы бар заттар, аспаптар және жабдықтар. Қалдықтарды жою қауіптілік класына сай жүргізіледі.
Д класы қалдықтары - радиоактивтік медициналық қалдықтар - құрамында радиоактивтік құрауыштары бар медициналық қалдықтардың барлық түрлері.
Қалдықтарды тасымалдау қызметкерлер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек, тасымалдауды арнайы дайындалған қызметкер орындайды.
Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

  • медициналық қалдықтарды тасымалдау қызметкер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы тиіс.

  • медициналық қалдықтарды тасымалдау арнайы оқытылған қызметкермен жүзеге асырылады.

  • автокөлік құралының арнайы таңбасы болуы тиіс. Автокөлік құралында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде № 2840 болып тіркелген «Көлік құралына санитарлық паспорт болу, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 349 бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі санитарлық паспорты болуы тиіс.

  • А класының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және жою жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

  • контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайдың беті асфальттанған болуы және автокөлік құралының жүруіне және тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болуы тиіс

  • контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайлар емдеу корпустарынан 25 м және ас блоктарынан 100 м кем емес жерде орналасуы тиіс.

  • А, Б, В класына жататын қалдықтар түзілген орнында бір тәуліктен аспайтындай, ал уақытша сақтайтын арнайы алаңқайдағы контейнерлерде немесе үй-жайларында қалдықтарды сыйым-дылықтарында 3 тәуліктен аспайтындай уақытта сақталады. Б класының биологиялық қалдықтары сондай-ақ тағам қалдықтары

+ 5˚С-тан аспайтын температурада сақталады.

  • А, Б, В класының медициналық қалдықтарын нысанның аумағы бойынша сақтау және тасымалдау аузы тығыз жабылатын көп реттік қолданылатын контейнерлерде жүзеге асырылады. В класының қалдықтарын жою басқа кластағы қалдықтардан бөлек жүзеге асырылады. Қалдықтарды аумақтардан шығару контейнердің 3\2 бөлігі толған кезде жүзеге асырылады.

  • Г класының медициналық қалдықтарын сақтау осы мақсат үшін арнайы бөлінген қосалқы үй-жайларда жүргізіледі

  • нысанның аумағында медициналық қалдықтарды жою бойынша қондырғы болмаған жағдайда А, Б, В класының медициналық қалдықтарын шығару күнделікті жүргізілуге тиіс.

  • Б класының медициналық қалдықтары (матералдар мен аспаптар, пациенттерден бөлінген бөлінділер, микробиологиялық зертханалар мен виварийлердің медициналық қалдықтары) осы санитарлық ережелердің 5 тарауына сәйкес жүргізілген дезинфекциядан кейін полигонға шығарылады.

  • Г класының медициналық қалдықтарын көму қалдықтарға арналған полигондарда жүзеге асырылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет