Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.
ыдыстардың қақпағы болу керек;
ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .
қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша
инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады
Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:
адамға зиянды болмау керек;
арзан болуы керек;
өткір иісті болмау керек;
жуу қасиеттері болу керек;
бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;
биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;
аз уақытта микробтарды тез жою керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.
Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;
Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:
Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген:
қанмен, науқастың кілегей қабаты мен және биологиялық сұйықтықтармен қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |